//

Штаттан тыс операторлардың конкурсы

1072 рет қаралды
4

Rory Peck

Дүниежүзінің штаттан тыс операторлары Рори Пек (Rory Peck Awards) атындағы жыл сайын өткізілетін конкурсқа қатысуға шықырылады. Бұл конкурс әсіресе жаңалықтарды жинау қиын аймақтарда жұмыс істейтін штаттан тыс операторларға күнделікті болып жатқан жағдайлар туралы ең үздік жаңалықтар мен бағдарламаларды дайындағаны үшін  беріледі.

Өтінішті беру мерзімі – 2011 жылдың 6 маусымына дейін.

Премия 3 категорияда беріледі:

  • Ең үздік күн жаңалығы.
  • Ең үздік сюжет материалы.
  • Халықаралық маңызы бар немесе қандай да бір мәселеге деген көзқарасты, саясатты өзгертуге үлес қосқан Ең үздік гуманитарлық кадрлар.

Конкурсқа қатысатын жұмыстар эфирде  2010 жылдың 1 тамызынан   2011 жылдың  31 мамырына дейін көрсетілген болуы керек.

Әр категорияның 3 финалисі 2011 жылдың қараша айында Лондонда өткізілетін марапаттау салтанатына қатыса алады.

 Қосымша ақпаратты мына сайттан алуға болады http://www.rorypecktrust.org/page/3215/The+Rory+Peck+Awards

Орыс тілінде ақпарат алу үшін lu@rorypecktrust.org  поштасына хабарласыңыз.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Саламасыздар ма! Мен бұл байқаудың талабын түсінбедім, қатысу үшін міндетті түрде оператор болу қажет пе, әлде журналистерге де мүмкіндік беріле ме?

  2. Бақытгүл, сіз осындай конкурстар туралы жиі жариялап отырыңызшы. Мен Екібастұз қалалық “Отарқа” газетінде істеймін Тілшімін. КазҰМ-дің журналистика факультетін бітірдім. Атым Дария. Егер агентіңіз болса, эл. поштаңызды адресін беріңізші. Менің агентім осы.

  3. Дария, пікіріңізге рақмет. Барынша білім, журналистика саласында болып жатқан конкурс, гранттар туралы жазып тұруға тырысамын. Агентім жоқ 🙂 қолданбаймын. Поштаңызға хабарласармын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі