/

Астанадағы «Мінбер» семинарының екінші күні

2269 рет қаралды
8

Міне, семинардың екінші күні де басталды. Кешегі семинардың әріптестеріміз үшін берері мол болды деп үміттенеміз. Семинардың алғашқы бөлімі негізінен теорияға арналды. Онда Огая университетінің профессоры Дэвид Моулд, «Айқын» газетінің тілшісі Кәмшат Тасболатова, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, осы орталықтың жанынан құрылған «Жаңа медианы зерттеу тобының» жетекшісі Асхат Еркімбайлар қатысып, халықаралық және отандық интернет заңдылықтары мен құқықтары, интернетке жазудың ерекшеліктері мен сипаттары жайында ой бөлісті.

Тыңдаушыларды интернетке қатысты заңдылықтар мен жалпы журналистердің құқықтары жайлы мәселелер аса тәнті етті. Осы салаға қатысты әртүрлі сауалдар туындады. Өкінішке қарай, уақыттың тығыздығына байланысты барлық сауалдарға жауап беру мүмкіндігі шектеулі болды.

Семинардың екінші жартысы тәжірибелік жаттығуларға арналды. Семинарға қатысушылар www.gmail.com поштасында пошталарын ашып, тәжірибелі ІТ маманы Аршат Оразов жасаған www.kazjur.kz  блог тұғырнамасында өз блогтарын тіркеді.  Бұған денйін «Мінбер» семинарының қатысушылары www.wordpress.com тұғырнамасының тегін блог ашу бағдарламасын пайдаланып, блогтарын осы тұғырнамада ашып келген еді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір Қазақтелеком тарапынан бұл тұғырнама құрсауланып, жұмыс істемей тұрғанына бірнеше аптаның жүзі болды. Осы тұғырнамада қазақтілді 500-ден астам блог тіркелген. Қазір Megaline қызметі арқылы интернетке кіретін тұтынушылар үшін wordpress.com жабық. Ал Қазақстандағы интернет пайдаланушылардың 90 пайызы Megaline қызметіне жүгінетіні белгілі. Сол себепті де «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жаңа блог бастаушыларға www.kazjur.kz  блог тұғырнамасын ұсынып отыр. Дегенмен, бұл платформаның интернет кеңістігіндегі орны тым аз болғандықтан, ондағы кейбір мүмкіндіктер әзірге шектелген. Бірақ соған қарамастан бұл тұғырнамада блогты бастап жүргізуге болады.

Семинардың тәжірибелік блогына белгілі ІТ мамандары Асхат Еркімбай, Бақытгүл Салыхова және Аршат Оразов жетекшілік етті. Сөйтіп бұл семинарда жаңа блог тұғырнаманың тұсауы кесілді.

Beeline сауда белгісі бар «КаР-Тел» ЖШС демеуші ретінде 25 USB модемін тарту еткен еді. Семинардың алғашқы күнінің соңында сы модемдер қатысушыларға тегін таратылды. Соның арқасында семинарға қатысушылардың барлығы дерлік блогтарына бірнеше жазба орнатып үлгерді. Бұған дейінгі семинарларда біздің семинарларға қатысушылар интернет жоқтығын сылтау етіп жазба орната алмаушы еді.

«Мінбер-ақпарат»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Ооо, не деген жылдамдық! Барлық фотолар сәтті шығыпты!

  2. Осында интернет арқылы танысқан Қуаныш Қожаев деген жігіт бар еді…. Суреттері барма екен деп қарап отыр едім…

    • Сіз іздеген адам төртінші суретте бар ғой. Басқа да суреттерді фейсбуктағы “Мінбер” бетінен көре аласыз.

  3. ТАМАША өтті семинар! Екі күннің де ауыз толтырып айтар тстары көп!

  4. Ооо, Бақытгүл апай! Сіздің суретіңізді көргеніме қуаныштымын! Бұл апай негізі блогты жақсы түсіндіреді!

  5. Рақмет, Раушан. Осы “апай” дегенді қою керек қой 🙂

  6. Иә, семинар өте ҚЫЗЫҚТЫ өтті!!! Міндетте түрде қатысыңыздар! Қанаттап шығасыздар!!!

  7. кешіріңіздер, ҚАНАТТАНЫП, яғни “қанат бітіп” дегенім ғой

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар