/

“Мінбер” тренингіне қатысушылар тізімі (Астана қаласы)

416 рет қаралды
17

Сүйінші хабар!

Қымбатты  оқырман!

Алматыдағы тренингке қатысушылар тапсырмаларды орындауда
Алматыдағы тренингке қатысушылар тапсырмаларды орындауда
Осыдан үш ай бұрын дәстүрлі «Жаңа  медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты семинар-тренингіне  қатысу үшін «Мінбер» сайтында арнайы конкурс жариялаған едік.

Конкурсымыздың тақырыбы – «Блоггер болғым келеді» немесе «Қазақтілді  БАҚ және жаңа медиа» болғаны белгілі. Мамырдың 27-28-інде Алматыда «Мінбердің» дәстүрлі семинары ҚМЭБИ оқу орнында екінші рет өткізілгені мәлім.

Қатысушылардың қатысу мүмкіндігін арттыру мақсатында Астанада маусымның 24-25-сінде өткізілуі тиісті семинар-тренингке қатысушыларды тіркеу маусымның 10-на дейін созылған болатын. Бүгін «Мінбер» оқырмандарынан тағы да сүйінші сұрап, қатысушылардың тізімін жария етпекпіз.

Астана қаласындағы семинар-тренингке қатысушылар Солтүстік өңірден – Қостанай, Қызылжар-Петропавл, Кереку-Павлодар, Көкшетау, Орталықтан – Қарағанды,  Батыс өңірінен – Атырау, Ақтөбе, Ақтау,  Шығыс өңірінен – Өскемен, Семей және Астана қалаларынан өтініштер түсті.

Сонымен, осы уақыт аралығында бізге 80-нен  астам мақала келіп түсті. Мақалаларға  қойылған негізгі талап – жаңа медиа технологияларын қаншалықты деңгейде игерген және проблеманы қалай түсінгендігіңіз сарапқа салынды. Сондай-ақ, біз аймақтардан келген мақалаларға баса назар аудардық. Біз бүгін Астана қаласында 24-25 маусымда өтетін семинар-тренингке қатысушылардың тізімін жариялағалы отырмыз.

Олар:

“Мінбер” тренингіне қатысушылар тізімі (Астана қаласы)

Қатысушы Қала
1 Қожахметова Ләззат Қарағанды
2 Мейрамгүл Сатаева Ақтөбе
3 Оңалтай Қуандық Көкшетау
4 Әйгерім Хамитова Астана
5 Рамазанов Сымбат Өскемен
6 Куаныш Кожаев Семей
7 Мұхамбетова Әсел Мизамқызы Қостанай
8 Аманкелді Шурентаев Қостанай
9 Мұрат Алмасбекұлы Астана
10 Нұршаш  Бақытқызы Астана
11 Фархат Тастамбеков СҚО., Қызылжар
12 Биғали Ермек Атырау
13 Мөлдір Жұмаділова Павлодар қаласы,
14 Жанай-Керім Сарина Қостанай
15 Ботабек Тілегенов Қарағанды
16 Нұргүл Қонақбаева Ақтөбе
17 Жансая Сыдықбай Астана қаласы,
18 Татанов Әлібек Атырау қаласы,
19 Ағатаева Манар Майлыбайқызы Маңғыстау облысы
20 Ибакова Әлия Төлегенқызы Өскемен
21 Жәнібек Амангелді Астана
22 Айгүл Жұбаныш Ақтөбе
23 Ыбырай Гүлсаян Аянқызы Қарағанды
24 Қанашева Шынар Астана

 

Семинарға қатысушыларды құттықтай отырып, таяу арада қосымша мәліметтер жеке пошталарына жолданатынын еске саламыз.

Парақшамызға жазылыңыз

17 Comments

  1. Сәлем, құрметті әріптестер! Мені жағымды жаңалықпен қуантқандарыңыз үшін Мың алғыс! Жаңа медиа технология саласында ілімімді кеңейту мәртебесіне ие болғаным үшін қуаныштымын. Және мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысамын. Құдай қаласа, Елордада кездескенше! ))))))))

  2. “Мінбер” журналистерді қолдау орталығына алғысым шексіз!!!Жағымды жаңалықтарыңыз және айтар сүйіншілеріңіз лайым көп болғай!!!!

  3. Құрметті “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы” Қоғамдық Қоры!
    Бейсенбі күні жолдаған хаттарыңызды алып қуанып қалдық. Ондағы талаптар көңілімізден шығады. Хатта айтылған жайттарды зерделеп оықп шықтым. Келесі аптада елордада өтетін іс-шараға толығымен дайынмын. Өзім Астана қаласында жұмыс істейтіндіктен іссапарға шығудың қажеттілігі жоқ. Дер кезінде айтылған мекен-жайға келемін. Басқа ақапараттар жайында хатта көрсетілген телефон арқылы Асхатқа сөйлесіп нақтылаймын.
    Құрметпен Жәнібек Амангелдіұлы

  4. ҚҰРМЕТТІ, “МІНБЕРЛІКТЕР!!!” Хатты алдым, рахмет. Астанада практикадан өтіп жүргендіктен, бұйырса “Абайда” кездесеміз!!!

  5. Жолдаган хаттарынызды алдым, рахмет! Бекітілген уақытта көрсетілген мекен-жайда боламын Амандык болса тренингте жүздесемиз.

  6. Қуаныштымын! Және алғыс білдіремін! Жұмада жүздескенше, әріптестер!

  7. Мінберден түлеп ұшатын кезекті балапандарға ақ жол тілеймін!!!

  8. Иә. “Міндердің” жасап жатқан істері сөз жоқ құптарлық. Семинар барысында тек жаңа білім алып қана қоймай, өз тәжірибемізбен бөлісеміз. Өте қуаныштымын!!!!

  9. Армысыздар! тизимге енгениме куаныштымын! Минберге коп рахмет! wordpress.com алеуметтік желісі істемйе калган ба, алде мен косыла алмай журмин бе! танымал блогшылардын блогында ашпай жур менде?!

  10. Сәлем, достар! Асхат, рахмет сізге қосымша ақпарат үшін! “Абай” қонақ үйі вокзалдан алыс па? Кім біледі? Шамамен қай жерде, қасында не бар дегендей )))))))

    • Республика даңғылы мен Абай даңғылынң қиылысында орналасқан!

  11. Әсел, вокзалдан әжептәуір алыс. Бірақ кез-келген көлікті тоқтатып, “Абайға” апарып тастаңыз десеңіз болады.

  12. келесі семинар қашан, қайда болатынын білуге бола ма?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар