/

Мацумае халықаралық қорының байқауы

694 рет қаралды
3

Осы мен білім саласындағы түрлі байқаулар туралы жазып тұрамын, бірақ осыны оқитын адам бар ма екен, байқауларға қатысып бақтарын сынай ма екен, т.с.с. сұрақтар анда-санда  мазалап тұрады. Негізі, «ешкімге қажет емес нәрселерді істегім келмейді» деп ойлап қойсам да, бүгін мынадай ақпаратты оқып, біреу болмаса біреуге қажет болар деген үмітпен тағы да жазып отырмын.

Сонымен бұл ақпарат жаратылыстану, инженерлік, медицина саласындағы мамандарға арналады:

Мацумае халықаралық қоры (The Matsumae International Foundation) 2012 жылға жаратылыстану, инженерлік және медицина саласындағы мамандарға стипендиялар байқауын жариялайды.

Байқау  талаптары

Өтініш берушінің:

  • PhD (немесе осыған сай) дәрежесі болуы керек;
  • Жасы  49 дан аспауы керек;
  • Ағылшын немесе жапон тілін білуі керек.

Өтініш Жапонияда ешқашан болмаған және өз еліне қайтып келіп жұмысын жалғастыруды жоспарлаған азаматтардан қабылданады.

Стажировканың ұзақтығы  – 3 айдан 6 айға дейін, жалпы   2012 жылдың сәуірінен  2013  жылдың наурызына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Жыл сайын 20 стипендия бөлінеді.

Байқауға қатысушылар болашақта зерттеу жұмысын жүргізетін институтты (зертеу лабораториясын, университетті, ұлттық зерттеу институттарын, жеке корпорацияларды)  таңдауда  ерікті және қабылдайтын ұйымның келісімін  өз бетімен алулары тиіс.  Мацумае халықаралық қоры  ғылыми зерттеу ұйымдары туралы ешқандай кеңес  немесе көмек бермейді.

Қаржылық талаптар:
Мацумае халықаралық қоры стипендиатқа  өзі тұратын жерге жақын халықаралық әуежайдан Токиоға дейін және кері қайтатын эконом класының ұшақ билетін ұсынады.  Билеттер ақшаға айырбасталмайды. Ай сайын 240 мың  йен төленеді. Бұл ақша оқуды төлеуге, зерттеуге қажет қосымша материалдар алуға, тұратын жері мен тамағына жұмсалуы қажет. Стипендиат медициналық сақтандыру алады.  Бастапқы  кезде  орналасу үшін 100 мың йен  көлемінде бір рет жәрдемақы төленеді. Стипендиаттың отбасы үшін қаржылық көмек қарастырылмаған.

Талапкер өтінішті өз туған жерінен жіберуі тиіс, факс немесе электрондық поштамен жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Өтініштерді 2011  жылдың 31 тамызына дейін жіберуге болады.

Байқау туралы толық ақпаратты Мацумае халықаралық қорының сайтынан көре аласыздар.

Бақытгүл Салыхова

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Бақытгүл, Сіз жариялаудан ерінбесеңіз екен, біреу болмаса біреуге септігіңіз тиеді 😉 Еңбегіңізде сәттілік Сізге!

  2. Сәлеметсіз бе. Бақытгүл шетелдегі PhD бойынша оқыту бағдарламасын қайдан табуға болады, көмектесе аласыз ба? (Журналистика мамандығы бойынша). Рахмет

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Ақ кеме” – Ғ.Мүсірепов театрында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17 желтоқсанда Шыңғыс Айтматов шығармасының желісімен қойылған

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым