//

Үш ғасырдың жүзін көрген Ана

691 рет қаралды
2

Cіздер қыркүйектің 21 күні «Азанбай абыз» туралы алғашқы аңдатпаны оқыдыңыздар. Енді әңгімемізді ары қарай сабақтайық.

Азанбай абыз бір сөзінде «жылым – барыс» деп қалды.

– Ата-ау, әлгінде тоқсанға тақап қалдым демедіңіз бе?» деп сөзден жықпақ болдым. Бірақ, көпті көрген сұңғыла қарт есептен алдырмады.

– Иә, жылым – барыс, қай жылға дөп келеді екен?

– Бір мың тоғыз жүз жиырма алтыға.

– Дұрыс. Қазақ баласы құлпы тасқа марқұмның жасын бір-екі жылға ілгерілетіп жазып жататынының мәнісін білесің бе?.. Мұсылман баласының пәни дүниедегі ғұмыр кешкен әр бір отыз үш жылына бір жас қосылады, ташмиықта отыз үш тас болады, үш айналдырсаң тоқсан тоғыз, жаратқанның есімі, осының бәрінің ара байланысы бар, ендеше менің сексен бесіме үшті қос және іштегі, ана құрсағындағы бір жасым бар, сонда мен бұ дүниеде сексен тоғыз жас жасап отырмын. Өтірік пе? Жас дегеннен шығады,– деді абыз,– мына Измирда жүз он жеті, яки жүз он сегізде болып қалар, әлгіндегіше есптесек жүз жиырма жасқа келген Салих деген исі қазақтың апасы отыр. Әлі тың, өзі кіріп-шығады,– деді.

Бірақ біздің Салих апаға жолығуға мүмкіндігіміз тумады. Сонда (Ыстамбұлда) жүріп «Түркияның ең ұзақ жасаған қариясына Түркия азаматтығы табыс етілді» деген хабар естідік. Сөйтсек ол, өзіміздің Салих апамыз болып шықты. Басқа күн туған зұлмат жылдарда, қызыл коммунистердің қуғыны мен атқылауына түсіп әлемнің ең биік тауы Гималайды жаяу асып, Алтайдан Анадолыға алпысқа жақындаған жасында жеткен анамызға азаматтықтың қажеті де болмаған сияқты. Әйтпегенде бұ күнде Түркиядағы қазақтардың көбісінде бір тұрмақ бірнеше елдің азаматтығы бар. Ал алты алаштың анасы азаматтықты жүз он жеті жасында алып отыр?!

Дүниеде үш ғасырдың жүзін көрген жандар тым сирек шығар?

Осы тұрғыдан келгенде  ұзақ ғұмыр жасап, аман сау отырған қазақтың бір кейуанасына Анкарадағы Қазақстан елшілігі мен Ыстамбұлдағы Қазақстан консулынан ресми өкілдер қатынасып, алты алаштың апасының хал-жағдайын біліп, Атажұртынан дәм таттырып, туған еліне деген сәлемін алып қайтса қандай ғанибет болар еді. Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Қайран қазағым-ай, жер жүзіне тарыдай шашырап, ботадай боздаған. Ұсынысты қолдаймын!

  2. Біздің бастан ондай жан табыла қояр ма екен, қызылсыз жер болмаса

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі