//

Ханның басы қастерлі

1443 рет қаралды
6

Қарашаның үші күнгі ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында “Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге және оларға меншiк құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы конвенция­ны ратификациялау туралы” заң жобасы талқыланды.

Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед аталмыш жоба жөнінде көлемді түсіндірме сөз сөйлеген. Құжатты талқылау барысында депутаттар тарапынан “Кенесары ханның басын қайтаруға қа­тысты қандай шаралар атқару керек?” деген мәселе көтерiлген екен. Өйткені ұлтық рухтың туына айналған Хан Кененің басының әлде кімнің адам қаңқасын жинаған қапасында қадірсіз жатуы тұла бойында намысы бар ер азамты ойлантпай, толғантпай қаймайтынын анық. Сұрақ осы тұрғыдан қойылса керек. Министр былай деп жауап берегн:  “Кенесарының басы “анда екен”, “мында екен” деген деректер 1990 жылдан бастап айтылып келеді. Түрлi болжамдар да жасалды. Менiң оны iзде­меген жерiм жоқ. Ми­нистр­лiктiң қызметiне келген соң Орынбордан iздес­тiрдiк, Омбыны шарладық. Кунсткамерада екен де­лiндi, онан да iздестiрдiк, этнографиялық музейде деген әңгiме шықты, одан да таппадық. Тiптi осындай деректердiң бiрде-бiреуi ескерусiз қалған жоқ. Ол аз десеңiз, бiз Кене ханның денесiн тауып қаламыз ба деген ниетпен Қырғызстанның территориясында 4 жерден археологиялық қаз­ба жұмыстарын жүргiз­дiк. Ешбiр жерде, бiрде-бiр құ­жатта, мұражайда “мынау Кенесары ханның басы” деп тiркелген мағлұмат жоқ. Егер ондай мәлiмет табыл­ған жағдайда, шынын айтсам, мемлекет басшысына дейiн өтiнiш жасап, қолымнан келгеннiң бәрiн жасар едiм. Бұдан бөлек, елбасының тапсырмасы да болған: “Егер шынымен Ресейдiң мұражайларында Кенесары ханның басы сақталған болса, оны табу керек, iздеу керек” деген. Президент “қолыңнан келмесе, маған айт, оны алдыруға күш саламын” деп едi. Өкiнiшке қарай, ресми жолмен де, ресми емес жолмен де, ғалымдардың қолындағы мағлұматтармен де түгел iздестiрдiк, Кенесары ханның басы табылмады”, – дедi Мәдениет министрi М.Құл-Мұхаммед.

 Бұл әрине министр мырзаның үзілді-кесілді сөзі емес болуға керек. «Үмітсіз шайтан» деген. Мың жыл бұрын жерленген Шыңғыс ханның мүрдесін күні бүгінге дейін күн құрғатпай іздестіріп жатқанда, Алатаудың арғы бетінде алтын басынан айырылған қаһарлы ханымыздың әлі «ізі суымаған» басын «Ешбiр жерде, бiрде-бiр құ­жатта, мұражайда «мынау Кенесары ханның басы” деп тiркелген мағлұмат жоқ. Кенесары ханның басы табылмады» деумен бұ аманатты жылы жауып қоя салмай, ары қарай жалғасатынына күмансізбіз.  Алды-артындағы алпауыттарға айбар болған,  тәуелсіздік жолына алтын жанын берген Қаһарлы Ханымыздың қасиетті басын қара мекеніне қайтару ұрпағының ұрпағына жалғасар аманат. Ханның басы қастерлі!

Мінбер-ақпарат – Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Хан Кененің соңғы сөзі

    Мұңайып жаңа бір ой тағы туды,
    Кененің омырауы ағытулы.
    Жөткіріп сөйлеп кетті:
    «Бір ұл туар,
    Сақтаңдар,
    Аман-есен сауытымды!

    Абай бол,
    Аттам сайын
    Алдыңды аңғар!
    Алтын сап қылышымды қалдырмаңдар!
    Жаныңды алса алсын,
    Жерің үшін,
    Ар,
    Намыс,
    Рухыңды
    Алдырмаңдар!

    Шаршаған енді денем алсын демін,
    Кигізіп жерлеймін деп алтын кебін.
    Сүйрелеп сүйегімді әурелеме,
    СҮЙСІН ШЫН,
    РУХЫМДЫ ХАЛҚЫМ МЕНІҢ!»
    .

    • Апырай-ә, Ханның рухын сүйетін халық бар ма осы күнде?! А? Бәмішұлы мырза?

  2. Ханның басы қылған ісіне қарай қастерлі болса керек. Ал бәрін мен істедім деп халқын бодандық бұғауында ұстаған хандар (басшылар)
    да болған. Олар қалай қастерленбек. Олар қастерленбейді…

  3. Бізде хан бар ма? Болса ол қадірлі ме? Соған кім жауап бере алады?

  4. Тәәәәк, Хан Кене рухы тірілсе ұлтшылдық рухы тіріледі, ұлтшылдық жанданса біздің НӘН ға қауіп төнеді…. Тәәәәәк, мәселе қайда жатыр?! Бұларда ғалым да, іздеп таба салу да жетпей жатқан жоқ… Ар жағында есеп жатыр ғой… ММММ, байқаңдар….

  5. Неге болмасын, “ел іші – кеніш” емес пе. Хан Кене қазақтың ұлықталуға татырлық Ұлыларының бірі екенінде дау жоқ! “Әлде кімге қауіп төнеді” деп ойлауды Хан Кенемен байланыстыру онша ұтымды бола қояр ма екен?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар