/

Келешекке жол сілтеген трек

933 рет қаралды

Велотректен әлем Кубогының алғашқы кезеңі Астананада өтті. «Сары-Арқа» аренасынасы мұндай ірі көлемді, әлемдік деңгейдегі жарысты алғаш рет қабылдады. Отандық «Track team Astana» командасының бапкері Вадим Кравченко, бұл жарыс елімізде енді қарыштап кележатқан спорттың бұл түрінің дамуына, сонымен қатар жастардың тәжірибе жинақтауына үлкен септік тигізетінін айтты.

Заманауи спорт сарайында төрт жүзге жуық  үздік трекшілер жиналып, спринт, кейрин, мэдисон, омниум сынды әр түрлі жарыстық дисципланаларда жиырмаға жуық медаль үшін додаға түсті. Халықаралық велошабандоздар кеңесінің (UCI) президенті Пэт Маккуэйд жарыс жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Сондай-ақ екіжақты қарымқатынасты әрі қарай да дамытып болашақта ТМД елдері мен Орталық Азия елдерін қамтитын UCI-дің бір уәкілдігін Астана қаласында ашпақ ниеті бар екендігінен хабардар етті. 

«Track team Astana-ның» бас бапкері Вадим Кравченко скретч жарысында ақтық сынға өте алған Сұлтанмұрат Миралиев пен  Матвей Никитиннің есімдерін ерекше атап өтіп болашақтарынан зор үміт күтетінін айтты:

– Никита ересектер тобына енді ғана көшті. Ол жақында  ғана юниорлар арасында өткен Азия біріншілігінде бірінші орын алған. Күш –жігері мол. Миралиев – Қазақстан чемпионы. Оның финиште басып озатын қасиеті бар. Меніңше, осы жігіттерден бірдеңе шығады. Ол үшін бүкіл жағадай да жасалынған!

Олжас Оқасов

Мінбер-спорт

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі