//

«Сити» феномені

1066 рет қаралды
3

«Манчестер Сити» 5 ұпайлық басымдылықпен премьер-лига көшін бастап келеді. Роберто Манчини жеңіске жетудің құпия формуласын біле ме?

Үш жыл ішінде 271 миллион фунт. «Манчестер Ситидің» трансферлеріне қожайын компания Abu Dhabi United Group дәл осынша сома жұмсаған. Бұл қаржының ішіне тек 2008 жылдан бері сатып алынған жаңа ойыншылардың бағасы ғана емес сонымен қатар, «Сити» ойыншыларының басқа командаралға сатылған кездегі есеп айырмасының шығыны да кіреді. Әрине, Abu Dhabi United Group президенті шейх Мансұр ақшасын қалай жұмсайм десе де өз еркі ғой.

«Челси» де дәл осылай 3 жыл ішінде трансферлер әсерінен қыруар қаржысын жоғалтқан болатын – 230 миллион фунт. Лондондықтар үшін «алғашқы олжа», 2004/05 маусымдағы чемпиондықтың бағасы шамамен 196 милллион фунтты құрады. «Манчестер Ситидің» биылғы жылы ұтқан Англия кубогымен салыстырсақ шығын жөнінен біраз айырмашылық бар. «Интер» қожайыны Массимо Моратти де ойыншы сатып алуға құштар. Ол да аз ақша жұмсаған жоқ. Алайда скудетто аңсаған нәтиже он жылдай күттірді.

Жә, калькуляторды шетке ысырып, ақша санауды тоқтаталық. Ең бастысы «Манчестер Сити» атты проектінің бойына қан жүгіріп, атқарылған еңбек нәтиже бере бастады. Премьер-лиганы алып қарайық. 14 ойында 12 жеңіс, жеңілістің иісі мұрындарыне да жақын келмейтін секілді, доп айырмашылығы 48-13! Салыстырма үшін: 2011 жылғы Қазақстан чемпионы «Шахтер» 32 ойында 19 рет жеңіске жетіп қарсыластар қақпасына 52 гол соққан. «Ман.Юнайтедпен» болған ойынның өзі не тұрады (6-1). Ол ойында «Сити» Сер Алекс жігіттеріне құр төмпештеп гол соғып қана қойған жоқ, аш қасқырдай талап, жеп қойды емес пе.

Әрине, «Ситидің» мұндай жетістіктерге жетуінің басты себепкері – бапкер Роберто Манчини. Біреулер: «Ө-ө-ө-й, ондағы сайдың тасындай ойыншылармен мен де кез келгенді жеңер едім» деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл критика еш келіссіз. Ең жұлдызды клуб деп саналатын «Реалды» көріңіз, соңғы жылдары не ұтты еді? Еске де түспейді. Англияға оралсақ та, «МЮ» мен «Челсиде» жұлдыздар аз ба?

 

Жұлдыздарға нығыздалған команданы басқару әлбетте қиын. Роберто Манчини «Интерде» де талай жұлдыздармен тығыз қарым-қатынаста болған, айтпақшы бұрындары өзі де көп-көрім ойыншы, есімі Еуропаға жайылған беделді тұлға.

Жақындағы арадағы Карлос Тевеспен болған кикілжіңдікті қарастырайық. Басшылықтың жұлдызды футболшыға емес бапкерге жақтасуы оның клубтағы беделі жоғары екендігінің көрсеткіші емес пе. Мұндай жағдайларда клуб басшылықтары көбінше ойыншы жағында болады. «Сити» ойыннан ойынға қосуда, жанкүйерлер болса Агуэро, Джеко мен Ко-ның ойынын тамашалағанда Тевес естеріне де түспейтін секілді.

Олжас НҰРАЗХАН

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. “Ман.Сити” биыл бәрін ұтады деп ойлайм. Лиге чемпионовты ұтса екен!

Ғабит жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар