//

Біліміңізді ұштағыңыз келсе

1545 рет қаралды
2

Осы аптада мені жаңа нәрселерге үйреткен интернет ресурстар. Негізі бәрі ағылшын тілінде демесеңіз, жоғары кәсіби деңгейде жасалған. Бірақ біліміңді кеңейтіп, дағдыларыңды шыңдай түссе, қай тілде болғанының маңызы жоқ қой.

Сонымен мына ресурстарға мән беріңіз:

http://www.ixl.com/ балабақшаға дейінгі кезеңнен бастап (қателеспесем мектептің сегізінші сыныбына дейін, оған қоса алгебрадан да) балалардың математикадан білуі тиіс дағдыларын жинастырған сайт. Математикадан балалардың білім, білік, дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалар берілген. Қызық екен, өзім де біраз тапрсымаларын орындап көрдім 🙂

http://koreanchamp.com/ корей тілін жоғары деңгейде үйренушілерге көмектеседі, бірақ ішінде бастауыш деңгейдегілерге де қажет материалдарды табуға болады.

http://www.bookemon.com/create-book өзіңіз жазған кітапты e-кітап түрінде , интернетке орналастырғыңыз келе ме? Басқа авторлардың кітаптарын оқып, өз бағаңызды бергіңіз келсе, қош келдіңіздер.

http://www.blurb.com/ бұл да e-кітап жасауға мүмкіндік береді, маған әсіресе “Book Ideas” бөлімі ұнады.

http://www.genkienglish.net/ маған бұрыннан ұнайтын сайт, ішінде ағылшын, неміс, корей, жапон, қытай, тай, испан тілдерін үйренуге байланысты жақсы тапсырмалар берілген.

http://www.oxfordowl.co.uk/ мына ресурсқа назарларыңызды көбірек аударыңыздар, өйткені баласы кітап оқысын деген ел, балаларына осындай мүмкіндіктерді кеңінен ұсынады.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова (baqytgul@gmail.com )

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар