//

Қазақстандықтардың 90%-ға жуығы жаңалықтарды теледидардан алады

1135 рет қаралды

Қазақстандықтардың тоқсан пайызға жуығы күнделікті жаңалықтарды теледидардан алады

Қазақстандағы жүйелі түрде әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер, рейтінгтік өлшеулер, сараптамалық және фокус-группалар, БАҚ мониторингін жүргізіп отыратын саяси шешімдер институтының зерттеушілері жүргізген «Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі» атты зерттеу жұмысы телеарналардың қазақстандықтардың өмірінде әлі де болса үлкен орын алып отырғанын көрсетіп берді.

2011 жылдың қараша айының 9 мен 13 аралығында жүргізілген зерттеуге Қазақстанның 16 қаласы мен барлық облыс орталықтарынан екі мыңнан астам адам қатысыпты.

«Күнделікті ақпаратты қайдан аласыз?» зерттеушілер сауалына респонденттердің 89,9%-ы теледидардан, 33,9%-ы радиодан, 43,1%-ы мерзімді баспасөзден, 45%-ы интернеттен, 10,6%-ы ақпарат агенттітерінен, 21,6%-ы әлеуметтік желілерден аламын десе, 15,4% – ы біреулерден естігенім жеткілікті деп жауап берді.

Ал «Бұқаралық ақпарат құралдарынан (интернеттен), өзге адамдардың таратқан қауесет әңгімелерінен тараған ақпарат сіз үшін қаншалықты маңызды?» деген сұраққа 39,2% респондет «аса маңызды емес» десе, 6,3%-ы «мүлдем маңызды» емес деп жауап берген. Сауалнамаға қатысушылардың 47,3%-ы бұл сұраққа «өте маңызды» деген жауап айтса, солардың ішінде 7,2% респондент бұл сұраққа жауап беруге қиналды.

«Қаншалықты жиі ақпаратты тыңдайсыз/оқисыз/көресіз?» деген сауалға респонденттердің 38,8%-ы «күніне бірнеше рет», 29,1%-ы «күніне бір рет», 14,4%-ы «анда-санда тыңдаймын», 13,3%-ы «аптасына бірнеше рет» десе 2,7%-ы «аптасына бір рет», ал 1,7% респондет «жауап беруге қиналамын» деген.

Бұқараның ақпаратты тұтынудың соңғы 5 жыл ішіндегі динамикасын анықтау мақсатында қойылған «соңғы 5 жыл ішінде сіздің ақпарат қабылдауыңыз қаншалықты өзгерді?» деген сауалға 48,7% респондент «барлығы бұрынғыдай», 38%-ы «қазір бұрынғыға қарағанда ақпаратты көп алатын болдым», 6,9%-ы «қазір ақпаратты өте аз алып жүрмін» десе, 6,4% респондент бұл сауалға жауап беруге қиналамын деген жауап берген.

Сауалнама жүргізілген қала тұрғындарының ішінде ең бірінші орында 78%-ы жаңалықтар тыңдаймын, 38,5%-ы кино, музыка, сериалдардарға назар аударамын, 32,5%-ы ойын-сауық, 31,9%-ы танымдық бағдарламаларды көремін десе, одан төменірек пайыздық көрсеткішпен, яғни 22,9% көрермен (тыңдарман, оқырман) аналитикалық бағдарламаларға назар аударады екен.

Сауалнамаға қатысқандардың 11,8%-ы әлеуметтік желілер мен блогтарды қарайтындықтарын жеткізді. Сонымен қатар 9,4% респондент видеоматериалдарды қараса, 5,1%-ы фоторепортаждарға бірінші көңіл бөледі екен.

Айнұр Рақышева

Дереккөз: kk.kloop.kz/

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар