//

Тәуелсіз сана – арғымақ

756 рет қаралды
3

Топырақ сап көзіне пұшық күннің,

Қуанғаннан сүрініп, ұшып тұрдым.

Қиялымда жүретін бақытымды,

Құшағымда қарашы, құшып тұрмын.

Енді еш кімді жалына жолатпайды,

Өз төсімде өз малым тояттайды.

Өз ырқыммен қозғалып,

Тынығамын,

Мені біреу істіктеп оятпайды.

Биік шыңдар ақ айдар өзімдікі,

Жерімді Ер,

Қорғайды сөзімді үкі.

Жон жағымда жосылған дақтар қалса,

Жонын төсеп, түлеген төзімдікі.

Естілмейтін өгдеге сыбыры да,

Сырашы да, сыйлайды сығыры да.

Дербестіктің дем алып ауасымен

Сұлу сөздің малтыман сұйығына

Жүгім түсті,

Жеңілдеп,

Аңқам қанды,

Бүтін еркін боламын арқамдағы,

босанған күн,

байлаудан бырт-бырт үзіп

Сана – арғымақ,

Сандал кер арқандағы.

                                Б.Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Тәуелсіз елміз дегенімізбен, әліде санамызда бостандық жоқ екені рас қой. Арамызда санасы өзгермеген жандар толып жатыр. Мына өлең осыны айтып тұр-ау.

  2. Здравствуй дорогой брат Бахытбек!
    Поздравляю с Новым 2012-ым годом!!! Пусть он принесет тебе много
    радости, успехов и благополучия в делах.
    С глубоким уважением, профессор Эльчин Искендерзаде

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі