////

New York Times-тың видео түсіру курсы

620 рет қаралды
4

New York Times видео түсіру негіздері бойынша екі апталық онлайн курс ұсынады.

«Интернетке арнап видео түсіру»  тақырыбындағы курсты жаңалықтар редакциясының видео бөлім директоры Уильям Хорн жүргізеді және ол видео жобаның мақсатын қою, видеоны түсіру үрдісі, видеоның сапасын жақсарту тәсілдері, дайын жұмыстарды қай жерге орналастыруға болатыны туралы сөз қозғайды.

Курс күнделікті өз бетінше жұмыстарды, онлайн-ресурстармен жұмысты және форумдағы талқылауға қатысуды қарастырады, сонымен бірге күнделікті инструктормен бірге жүргізілетін онлайн сабақтарды қамтиды. Тікелей эфирдегі сабақтар мұрағатта сақталады, оны кейін тағы да көруге болады.

Курс  24 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтеді. Бағасы  125 АҚШ долл.. Сонымен бірге жеке оқу курсы ұсынылады, оның бағасы 85 АҚШ доллары.

Толығырақ мәліметті  мына жерден ала аласыздар.

Ақпаратың қайнар көзі: http://newreporter.org/2012/03/16/new-york-times-predlagaet-kurs-po-videosemke/

Қазақшаға аударған Бақытгүл Салыхова

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. мммммммм жақсы екен! оны онлайн түрде тамашалауға бол ма№

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар