//

Атырау қаласында өтетін “Мінбер” тренингінің сауалнамасы

1003 рет қаралды
17

Құрметті, оқырман!

Төменде “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының биылғы жылы Атырау қаласында ұйымдастырғалы отырған тренингінің сауалнамасын көріп отырсыз. Аталған тренингке қатысып, кәсіби біліктілігіңізді жоғарылатқыңыз келсе, сауалнаманы толтыруыңыз керек. Әрі «Жаңа медиа және қазақ баспасөзі» тақырыбында ой-толғау жазып, minbermedia@gmail.com, yesengul@gmail.com электронды пошталарына жолдауыңыз керек.

Семинар-тренинг Атырау қаласында  өткізілмек.

Атырау қаласындағы семинар тренингке қатысам деушілер маусым айының ортасына дейін өтініш білдіре алады. Атырау қаласына елімздің батыс өңірлерінен – Орал, Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларынан және сол өңірдің аудандық газеттерінің тілшілері қатысуға өтініш білдіре алады.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қазақ тіліндегі жаңа медианы дамыту мақсатындағы дәстүрлі семинар-тренингтерін биыл аймақтарда өткізуді жоспарлап отыр. Биылғы семинар-тренингке ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі қолдау көрсетті.

Техникалық себептерге орай төмендегі сауалнама көрінбей тұрса, Сауалнама деген сөзді шерту арқылы, тікелей сауалнаманы көре аласыз.

Парақшамызға жазылыңыз

17 Comments

  1. Болашақ журналистер немесе журналистика мамандығы бойнша білім алып жатқан студенттер қатысса болама???

  2. Атырау қаласы деген жоқ қой сауалнамада, әлде сол жақтан басқа қалаға бару керек пе? Соны түсіндіріп жіберсеңдер

  3. Саламатсыз ба, Көкбөрі, біз жақында сіздердің сауалдарыңызға Атырауда семинар өткізуге спонсор іздеп жатқанымызды айтқан болатынбыз. Бізге демеуші табылды. Біздің Атыраудағы шарамызды Сорос Қазақстан қоры қолдамақ. Демек бұл шара Атырауда да өтетін болады.

  4. Ақтаудан болғандықтан еш біріне қатысуға болмайтын сияқты ғой) әлде мен дұрыс түсінбедім бе?

  5. Неге, Азамат, Сіз Атыраудағы семинар-тренингке қатысуға өтініш жасай аласыз!!!

  6. Сілтемесін бересіз бе? Мен тіркелу жағын сәл түсініңкіремей жатырмын. Атырау қаласы таңдауда жоқ қой?

      • Қуаныштымын. Енді сұрағым келгені, Атырау қаласында қай уақытта өтеді екен? Және семинар – тренингтегі өтілетін бағдарламамен алдын ала танысуға бола ма? Рахмет.

  7. Қызылордада семинар тренинг өткiзсеңiздер екен,өтiнiш

    • Саламатсыз ба, Азамат, біз негізінен шілде айының басына жоспарлап отырмыз. Бағдарламасын әзірге дайындаған жоқпыз. Алдымен өзге екі қалада өткізіп алғаннан кейін дайындаймыз.

    • Қызылордалықтар Шымкентке келіп катысты гой семинарға

  8. Есенгүл апай салеметсізбе! Істеріңізге сәттілік тілеймін, бұл семинардың бізге берері мол деген сенімдемін, бұйырса Өскемен қаласында кездесерміз (өтіп жатсақ әрине)!!!

  9. Қызылорда қаласында Семинар-тренинг неге өткізілмейді екен ?

    • Саламатсыз ба, Айжан! биыл жоспарда Қызылорда қаласы болмай тұр. Келесі жолы міндетті түрде ескереміз.

  10. Қызылорда деген қайнап тұр себебі))) Атырау қаласында өтетін семинар-тренингке қанша адам қатысамыз, барамыз, көреміз деп үміттеніп отыр екен?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері