///

Ең жаман ел, әскері ез ел

1537 рет қаралды
3

Қазақ Елінің күншығыс шекарасы тағы да иен қалды. Елін, жерін қорғауға жіберілген әскерге 2011 жылы қарашада барған он бір әскер мамырдың 18 күні таңертең ерте қаруларын тастап, өз білермендіктерімен  «Шығыс» аймақтық басқару Зайсан шекаралық отрядының «Терісайырық» шекаралық застава аумағын иен қалдырып тайып тұрғаны туралы дүйсенбіде Республиканың Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекаралық қызметінің баспасөз қызметі хабарлаған. Әуелі застава басшысы бұл фактыны білісімен өздері іздестіру  ұйымдастыруға әрекет еткен. Бұл төтенше жағдай туралы басқармаға кешкісін тіл жеткізіпті дейді хабарламада. 

Қазіргі уақытта Шекаралық қызмет, ІІД, ҰҚКД-і күшімен іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқан көрінеді.  Мемлекеттің қараусыз қалған бөлігіне шекара қызметінің қосымша әскерлері жіберілген. 

Баспасөз мәліметінде «алдын ала болжау бойынша бұл жағдай жарғыдан тыс қарым-қатынас салдарынан болды деп топшылап отыр» делінген. Сондай-ақ оқиға орын алған жерде шекаралық қызмет командование өкілдері, Әскери прокуратурасы мен облыстың ІІД, ҰҚКД-нің қызметкерлері жұмыс істеп жатқан көрінеді. Болған жағдайға баланысты әскери прокуратура қылмыстық іс қозғаса керек.

 

Әзірге басқа мәлімет, хабар-ошар жоқ.

Шығыс шекараң тағы да қаңырап иен қалды, қазақ. Көршілерің артын ашып күліп отыр. Орыс ожыраяды, қытай қылияды. Қай тесігінен кірсек те бізге жол ашық екен деп. Әлем алдында масқара болдық. Масқара емей немене! Өзге түгіл, өзіңе қарайтын бет қалмады. Бетімізбен жер басып отырмыз. Бұрын бірлі-жарым жігіттер алаңғасарлық танытып жатушы еді. Ел ішінде ондай-ондай шіріген жұмыртқалар болады деп жуып-шаятынбыз. Ал мынау, тобымен, шоғырымен шекарада қырылып қалу, тобымен, шоғырымен  шекараны тастап кету деген не сұмдық! Елін, жерін қорғаудан бас тартқан бұл қандай азаматтар?! Азамат па бұлар? «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес маған керегі, керегі Көк Тудың желбірегені!» дейтін ұл қалмағаны ма? Еліңді, жеріңді қорғайтын ұл тумасаң не үшін ел болып отырсың? Алдыңа салып берген алты сарбазға ие болмай қайда қарап, немен айналысып отыр қолбасшыларымыз. Оларды қолбасшы деуге мұндайда ауыз да бармайды екен. Кеше  Арқан кергендегі атпалдай он бес азаматың қанды қол қасапшының қолынан жалғыз түнде мерт болды. Ал бүгін ел мен жердің аманатын атқаруға ант-су ішкен атандай он бес әскерің еліңді жауға, жеріңді дауға тастап із-тозсыз тайып тұрды. Жау кеткен соң қылышыңды!… Шекарадағы бұл не қылған бейбастақтық! Әскері ішінен іріп, сарбаздардың сандалғаны әскери саладағы қызметтің қожырап, басыз-баусыз кетіп, тәртіпсіздік жайлап алғанының кесірі болса керек. Бұл біздің мемлекеттігімізге түскен ауыр сын болды. Біздің қандай қуатты мемлекет екеніміз осыдан-ақ көрініп тұр емес пе? Ең жаман ел, ел мен жерін көзінің қарашығындай сақтап,қорғайтын әскері жаман ел.
Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Мінбер-ақпарат: «2012 жылдың 19 – мамыр күні, сейсенбіде 13сағ.45 минутта Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының Жаңаталап елді мекеніне таяу Терісайырық заставасынан 18 км қашықтықтан шекараны тастап кеткен 11 әскер түгелдей табылды» деп хабарлайды РАА (РИА).

  2. біреуі қашып, екіншісі тауып мәз. Осылай да қызмет істедік деп жүр-ау, шіркіндер. Әскери саланың қызметі мынадай болғанда басқа салалар ірімек түгіл құрттап кеткен шығар)))))

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі