//

Google Summer Code: бағыңды сынап көр!

1048 рет қаралды

GoogleӨткен жылы Google Summer of Code™ бағдарламасына 6000-ға жуық студент пен 300-ден астам ашық код бағдарламалық жасақтамалар қатысып, соның нәтижесінде миллионнан астам код жазылды. Осы кезекте Summer of Code 2013-ті әрі қарай жақсартуға жетекшілер мен студенттерді ат саласуға шақырамыз!
Google Summer of Code™ студенттердің ашық код бағдарламалық жасақтамаларын қолдау мақсатымен 2005 жылы түзілген болатын.

Бағдарлама мақсаттары:

• Жас бағдарлама әзірлеушілердің ашық кодты жасауға ынталандыру;
• Компьютер және аралас мамандықтарда оқитын студенттерге жазда болашақ мамандықтары аясында жұмыс істеуге мүмкіндік беру;
• Студенттерді бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің қыр-сырымен таныстыру
(мыс: үйлестірілген жасақтама, лицензиялау мәселелері, хабарламаларды жіберу реті, т.с.с.);
• Қоғам игілігіне қызмет жасайтын неғұрлым көп ашық кодты бағдарламалық
жасақтамалардың әзірленуіне мұрындық болу;
• Ашық кодты жобалардың жаңа бағдарлама жасаушыларды тартуына көмектесу.

Іректеуден өткен студенттерге толығымен үш ай алаңсыз жобаларымен айналысуына мүмкіндік алады. Соңында олар 5000 USD көлемінде бір реттік шәкіртақы алады. Summer of Code толығымен онлайн режимінде өтеді. Бұл бағдарлама іске асқан уақыттан бері 100 елден астам студенттер мен кураторлар қатысқан.

Жобаға қатысу өтініштері 2013-жылдың 18-29 наурыз аралығында қабылданады. Студенттер тарапынан өтініштер 22-сәуірден 3-мамырға дейін қабылданады.

Қатысу жөніндегі талаптарды және іріктеу кезеңдері (ең бастысы футболка туралы мәліметпен қоса) туралы мәліметтерді төменгі сайттан таба аласыздар:
http://www.google-melange.com/

Ақпаратты ағылшын тілінен ықшамдаған Бегайым Әділханова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі