//

Шымкентте ІІІ Блогқұрылтай өтті

677 рет қаралды

bloqqqqqНаурыздың 23-24-інде қазақ блогшыларының мұрындық болуымен ІІІ блогқұрылтай болып өтті. Бұған дейін Алматы және Астана қалаларында ұйымдастырылған блогқұрылтайдың ерекшелігі – бір топ энтузиазист жастардың бастамасымен 2011 жылы тұсауын кесіп, дәстүрге айнала бастауында. Блогқұрылтайға Республиканың түкіпір-түкпірінен және Қытай, Моңғолия. Түркиядағы қазақ контентін дамытуға үлес қосып жүрген 200-дей блогшы қатысты. Блог құрылтай – еркін пікірталас алаңы. Онда ІТ мамандары, блогшылар және басқа интернет-контентін дамытушы жастар өзара тәжірибе алмасады, ой бөліседі.

Әз-Наурызбен қатар келген бұл жолғы блог құрылтайға да қатысушылар тың идеялар мен жаңа стартаптармен келді. Құрылтайдың алғашқы күні интернеттегі жаңа жобалардың тұсауы кесіліп, үздік деп танылған үш жобаға Билайн сауда белгісімен танымал “КарТел” компаниясы ұсынған бағалай сыйлықтар табыс етілді.  Ұлыстың ұлы күнімен бірге өткізіліп отырған блог құрылтайдың екінші күні тау баурайында, әсем табиғат аясында өткізілді.
bloq1111Блог құрылтайға Оңтүстік Қазақстан әкімшілігі, “Билайн” сауда белгісімен танымал “Картел” компаниясы, “Қазақ контент” АҚ, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы қолдау білдіріп, демеушілік жасады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Блог құрылтайға арнайы келіп, қатысушыларға ақ жол тіледі.  Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов те жылдағыдай блог-құрылтайда төбе көрсетіп, қазақ контенті жайында өз ойымен бөлісті. Әзірге қысқаша осы.
Ескерте кететін бір жайт – “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 2011 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Блогқұрылтайдың ресми«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы 2011 жылдан ұйымдастырылып келе жатқан «Блог құрылтайдың» ресми ұйымдастырушысы болып отыр. Құрылтай барысында жұмыс орындарына ресми шақыртулар және түрлі демеушілерден түскен қаржы «Мінбер» арқылы өтуде. Сондай-ақ, қазақ блогшыларының  қалыптасуына «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының тигізген ықпалы зор. «Мінбер» қоғамдық қоры 2010 жылдан «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» тақырыбында тренингтер сериясын ұйымдастырып келеді. Қазақстанның  6-7 өңірінде журналистердің басын қосып, жаңа медианы барынша насихаттауға тырыстық. Алматыда бұндай семинарлар екі рет ұйымдастырылса, Астанада, Петропавл мен Өскеменде, Талдықорғанда, Ақтөбе мен Атырауда және осы Шымкент қаласында 2 рет оңтүстік аймақтарға арналған семинарлар ұйымдастырдық. Соның нәтижесінде қазақтілді блогшылардың легі қалыптасты. Қазір өз ресурстары бар, қазақ тілінде контент қалыптастыруға үлес қосып жүрген жастардың көбі осы «Мінбер» семинарларында тәлім алған.
487605_323892281067544_996895162_n (1)
 
299120_323891937734245_1967608473_n
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі