///

Алматыға қыс келді

1097 рет қаралды

DSC09617.1JPGАбай ата айтқандай «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» қыс келді Алматыға, Алатау бөктеріне. «Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай» деп тағы да сол данышпан айтқандай «кәрі құда» биыл ертелеу келді ме қалай? Аязы жоқ, ақ қары мол қыс бүгін таңнан бері толастамай-ақ жауып тұр. Алматының қара базарын «қасақана өртеп жібергендер» қапы қалмапты. Бір-екі тәулікке кешіккенде танаулары тасқа тиер еді. Үлгіріпті, «көрегендік» қой.

Міне, тал түс (15-00. 20.11.2013ж), он сағат бойы қар үздіксіз жауып тұр. Ауа салқын, шамамен -1 градус. Ағаш біткен арқасына түскен салмақты ауырсынып, бұтақтары майысып, қабырғалары қайыса бастады. Көше бойы көк шылқа көлкілдеген су, нөпір көліктің аяғымен-ақ жапалақтай жауған дымқыл қар ілезде езіліп, еріп кетіп жатыр. Қар тазалаушы көліктердің қарасы әлі көрінбейді. Көрініп те қайтсін, көп көліктің ыстық газды буымен қардың жерге түскені түгіл ауадағысының өзі жанып кетейіндей деп жатса, оның сыртында көше тазалауға келгенде кешігіп жүретін әдетіміз тағы бар. Қазірдің өзінде алпысқа жуық көлік оқиғасы тіркелген. Әйтеуір адам шығыны аз дейді. Айуани қасқыры болмаса да, адами хайуаны жетерлік Алматы үшін бұғанда шүкірлік дейміз. «Қары бардың зәрі бар»і, түн суыта келе ертеңгісін көк тайғақ болары сөзсіз. Алматы қаласының әкімшілігін күйін кім білсін, табиғат-ана деру қатты қысып жібермей, «қысқа дайындығың қалай» деп қана баяулатып өзі-ақ ескертіп жатыр. Ескерер есті болса…

Алмтыға қыс келді, аула арасы аппақ қар. Ақ қарға аунап, атысып ойнап балалар да мәз. Бұл Арқа мен Алтайдың «басқан жері сықырлайтын» қысы емес, Алматының дымды-сулы қысы. Ал балалар болса үсті-бастың су болғанына қарар емес.

Қарамер 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі