///

Алматы метрополитені: Екі жылда 13 миллионан астам жолаушы тасымалдап, 1 млрд.теңге пайда тапқан

584 рет қаралды

metro 32011 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілген Алматы метросы екі жылдың ішінде басқа жолаушы тасымалдау көліктерінен әлде қайда қолайлылығымен, бекеттерінің көздің жауын алатын көркем безендірілуімен қатар жүргінші-жолаушыларға жоғары дәрежеде қызметкөрсетуімен жергілікті тұрғындардың ғана көңілінен шығып қоймай шет елдіктердің де назарына ілігіп отыр.

Жуырда ғана «Алматы метрополитені» әлемнің 77 елінен 126 үміткер бәсекеге түскен байқауда «Үздік сапаны қолданысқа енгізу Еуропалық марапат» аталымының «Платинум» кубогын жеңіп алды. Сарапшыларға метрополитеннің жерасты бекеттерінің әсемдігі, тазалығы, айнадай жарқыраған тартымды жарасымдылығы мен ұжым еңбекшілерінің ерекше  ілтипаты, даяшылық қызметі ұнаса керек.

Бұл күнде Алматы метросы күніне 24 мыңнан астам жолаушы тасымалдайды екен. Ал екі metro 2жылдың ішінде 13 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, 1 миллиярд теңгенің таза пайдаын тапқан.

Келесі 2014-жылқы жылы тағы да екі бекет – «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері пайдаға берілмек. Метроның жалпы ұзындығы Абай даңғылы бойымен біршама ұлғайып, Алаты қаласының батыс бөлігіндегі Алтынсарин көшесіне дейін жетеді. Онда  жолаушылар легі бұдан да еселене түсетін анық.

Қарамер 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі