///

Ғаламторда «Әдебиет порталы»

588 рет қаралды

adebiet «Әдебиет порталы» қазiргi уақытта 4 тiлде жұмыс iстеуде. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде жаңа порталды таныстырған «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшiм мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Қазiргi таңда ақпаратты және кiтапты оқу, ақпаратты тұтынудың технологиялық трансформациядан өтiп жатқаны белгiлi. Заман талабына сәйкес, әдебиет пен мәдениеттiң де Интернет желiсiнде өз орнын алу керек екенi анық. Бүгiн таныстырылып отырған «Әдебиет порталы» елдiң әдебиетi мен мәдениетiне арналған коммуникациялық онлайн платформа. «Әдебиет порталы» қазiр төрт тiлде жұмыс iстейдi. Атап айтсақ, ол қазақ, орыс, ағылшын және түрiк тiлдерi. 2014 жылдың басында порталды латын әрпi мен төте жазуға түрлендiру жоспарланып отыр. Порталда қазiргi уақытта 1 500 кiтап орналастырылған және бұл процесс күн сайын дамып отырады. Кiтаптардың барлығын онлайн түрінде оқуға болады және күндiзгi аралық және түнгi режимде оқу мүмкiндiгi қарастырылған. Порталда әдеби жаңалықтар, кiтаптарға жазылған рецензиялар, жас әдебиетшiлерге қолдау көрсетудi мақсат тұтатын жас авторлар мiнберi де қарастырылған», – дедi Н.Әшiм.

Оның айтуынша, порталды пайдаланушылар театр қойылымдары мен арнайы телебағдарлама топтамаларын тамашалай алады.

«Сонымен қатар, коммуникациялық қызметтi атқару мақсатында порталды пайдаланушылар да порталдың, әдебиеттiң дамуына өз үлестерiн қоса алады. Осы орайда 5 арнайы жоба қарастырылған. Ол аударма, хат, иллюстрация, поэзия және мазмұн атты жобалар. Сонымен қатар, мультимедиялық бөлiмде «Хабар» агенттiгi ұсынған театр қойылымдары, зиялы тұлғалар, ақын-жазушылармен телеарналарда өткен сұхбаттар, телебағдарламалардың топтамасы орналастырылған», – дедi «Қазконтент» өкiлi.

Ақмарал ШАҒАТАЙ (http://bnews.kz)


Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі