//

«Лад»-шылардың бұл ланкестігі ме?

569 рет қаралды

Битва_казаков_с_киргизами_1826Елімізде «Лад» деген славян қозғалысы бар екен. «Қозғалыс» болған соң қарап отырсын ба, анда-санда бір қозғалып, қопаңдап, жөні келсе қазекеме шаңыраққа қарамай, әкесінің төрінен сөйлеп отырғандай қоқаңдап қойғысы келеді екен, келеді емес, қоқаңдап қояды екен. Жалпы қандайда бір тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым, ұжым немесе қозғалыс дейсіз бе, тіпті топ, партияның құрылғандағы негізгі мақсаты сол өмір сүріп отырған ортасының өркендеуіне, халқының әл-қуатының жақсаруына, руханиятының дамуына үлес қосу болса керек. Ондай жекелеген ұйымдарды ел де, жер де, қоғам да қолпаштап қолдайды ғой. Ал елдің тұтастығына, қоғамның бірлік-берекесіне,  мемлекет аумағының бүтіндігіне, халқының тұрмыс тыныштығына тасадан емес, тап маңдайдан тас лақтырып қызмет істейтін асып-тасқандар заң алдында жауапқа тартылуға тиісті емес пе? Ондай бұзақы мінезді «қозғалысқа» қырық жерден тиым салынса керек. Қараңыз, бізде керісінше.

Өскемендік www.yk.kz сайты «Подарки истории» атты мақала жариялапты. «Сыбаға?!» дейді. Онда «Өскемен қаласының 300 жылдық  мерейтойына орай І Петрге және Ю.Гагаринге ескерткіш орнатылып, тәуелсіздік стеласын» тұрғызамыз деген. Олар жергілікті халықтың үдде, мүддесіне де пысқырмайды. Ескерткіштің жобасын кім жасап, қаржысын кім төлейтіндігіне дейін кесіп-пішіп қойса керек. «Император І Петрге арналған монументті Санкт-Петербург қаласының әкімшілігі сыйға тартады» дейді. Өйткені қаланы салуға І Петр жарлық берген екен.

Сонда І Петр қазақ даласына қандай мақсатпен «қала» салды? Қазақ жеріне келіп «қала» тұрғызатын патша І Петрдің қандай қақысы бар еді?

Бұған жауапты жұрттың бәрі біледі: Ресей патшалары қазақ жеріне отты қарулы әскери тұрақ стансаларды салғандағы басты көздегені – қазақ даласын, қазақ халқын жаппай отарлау, басып билеу болды. Оны күшпен, қан құйлы саясатпен жүзеге асырды.

Ендеше, «Лад»-шылардың халық өкілдері жиыны жергілікті маслихатты, әкімшілікті, одан қалса Қазақ Елінің құзырлы органдарының басынан қарғып жаулаушы патшаның ескерткішін еліңнің төріне қоямыз деп жар салып, жаһанға жариялаудағы көздеген мақсаттары не? Олар бұл туралы РФ президенті Владимир Путиннің әкімшілігіне қала мерейтойына «сыйлық» жасауға өтініш берген.

Құдай-ау,  бұл «Лад»-шылар өздерін қайда, кімнің жерін мекендеп отырмыз деп ойлдайды? Отаршыл-басқыншылар тұрмақ өзінің хан-төресіне орын таппай отырған елге бұ қайткені?

Бұл туралы халықаралыққ «Түркістан» газетінде Есен Байнұр былай деп жазады: «Олар Қазақстан халқының бұған келісім беретін бермейтінін ескермейді де, тек облыс әкімшілігінен ұйымдастыру жұмыстарын келісуді ғана сұрап отыр. Бір қызығы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл жайында сараптама комиссиясына тапсырма берген. Шын мәнісінде, Қазақстанды үш жүз жылдай отарда ұстаған метрополияның бұлай асқақтауына біздің билік те, халық та жол бермеуі керек. Кезінде кейбір бұзақылардың Шығыс Қазақстанды Ресейге қосып алу мақсатында бүлік шығарғанын, Дугин, Солженицын, Жириновский секілді Ресейдің «әсіреұлтшылдарының» Қазақстаннан әлі күнге дейін жер даулап, солтүстік бес облыс пен шығыс облысқа қолқа салып жүргенін ескерсек, І Петрдің ескерткішін еліміздің шығыс қақпасына қасқайтып тұрып қоюымыз, империялық пиғылды жүзеге асырудың басы болып табылмай ма? Ең өкініштісі, Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің бұған қарсы болмай отырғандығы». Айтатын Сөз! Шыныда да Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі «Ладтың» бұндай ланкестігін үзілді-кеілді тиып тастау керкк еді, амал не, тағы да….

Қарамер

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі