///

Дата журналиске арналған 11 кеңес

180 рет қаралды
Датаны таратудың жолы
Датаны таратудың жолы
Датаны таратудың жолы
Датаны таратудың жолы

 

Шетелдік мамандардың болжамы бойынша дата журналистикада қызмет ететіндердің жалақысы жоғары болмақ. Себебі журналистер ақпараттармен жұмыс істей алғанымен, сандарды түсініп, түсіндіре алатындар аз.

Бұл жазбада Молдовадағы DataJournalismBootCamp13 тренингіндегі Reuters дата журналисті Crina Boros, (UK) презентацисында айтқан ойларын ықшамдап ұсынып отырмын.

ЕСКЕРТУ: Мәтіндегі “дата” сөзі ағылшын тіліндегі “Data” сөздерінің орнына қолданып отыр. Орыс тілінде дата сөзін “данные” деп беріп жүр.

Дата өлшенетіндей болуы керек.

Құралдар

  • Excell, Google Docs
  • Forms – Survey Platforms – Google Forms
  • Database Managers – SQL, Microsoft Access

Датаны компьютер түсіне алатындай болсын

  1. Ең бірінші дата туралы сұрай білу керек. Өз еліңдегі заңдарға назар аудар. Қандай ақпаратты еркін алуға құқығың бар. Мәселен, Ұлыбританияда форманы қандай нұсқада сұраса (.csv, xls, xlsx, txt etc), сол нұсқада беруі тиіс. (Кейбіреулер pdf те береді екен). Яғни компьютер оқи алатын нұсқада беруі тиіс.
  2. Дата қаншалықты көлемді екенін алдын ала білген жөн (салмағы қанша мегабайт, қанша колонка, жолақ бар). Мүмкіндігінше бірнеше жылғы датаны сұраған дұрыс.
  3. Датаны сұрамастан бұрын сол датаға қатысты оқиғаны жақсы біліп алған дұрыс.
  4. Датаны қандай әдіспен жинағанын да сұраған дұрыс. Дата сөздік немесе датаға қатысты қосымша түсіндірмені сұраған дұрыс.
  5. Апта сайын Ақпарат туралы заңға сүйене отырып, бірнеше мекемеге сұрау салып қойсаң болады.
  6. Күнделік бастап, кіммен қалай сөйлескеніңді, датаны қалай сұрағаныңды жазып отырған да жақсы.
  7. Датаның түпнұсқасын сақтап қой. Оған мүлдем тиіспе. Себебі кейін ақпаратты жариялағанда “Мәліметті қате қолдандыңыз, қателестіңіз” дейтіндер табылады.
  8. Датаны сараптаған кезде де қадам бойынша не істеп жатқаныңды түртіп отырған дұрыс. Бұл шатасып кетпеу үшін жақсы.
  9. Алғаш рет датаны көргенде оны түсінуге тырыс. Қанша уақыт керек болса, сонша уақыт жұмса.
  10. Өзіңнің датаңа сене көрме. Датаға қайта қарап, ішіндегі үтір, нүкте, сызықшаларды түзеп шық. Екінші бір адамға көрсеткенің жөн.
  11. Өзіңнің жеке датаңды жасақтап, соны сараптауға тырыс.

Қосымша оқуға ұсынылатын әдебиеттер:

  • Computer-Assisted Reporting, Brant Huston
  • The Investigative Reporter’s Handbook. Brant Huston
  • Precision Journalism, Philip Meyer
  • The Good Research Guide, Martyn Denscombe
  • The Data-Journalism Handbook, O’Reilly

Егер Дата журналистикаға қызығып жүрсеңіз, биылғы жылы Еуропадағы журналистер одағы Дата журналистикадан тегін онлайн курстар бастағалы отырғанын хабарлаймыз.

Сурет СС рұқсаты негізінде jwyg қолданушының мұрағатынан алынды

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Қазақстанның ең ірі салық төлеушілері кімдер? (Ақтөбе, екінші күннің қорытындысы)

Желтоқсанның 1-інде  “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Ақтөбе

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Ақтөбедегі “Темір жол” ауруханасы қаншаға сатылды? (Бірінші күннің қорытындысы)

Қарашаның 30-ында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Ақтөбе

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Датаға анализ жасауды үйрендік (Қостанай өңірі бойынша қорытынды)

Сонымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі” тренингтер сериясының екіншісі, Қостанай облысының

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Flourish сервисін инфографика жасау үшін қолдану (Қостанай: төртінші күннің қорытындысы)

Қарашаның 26-cында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Қостанай