/

Журналистерге арналған тегін онлай-курсқа жазылу басталды

1245 рет қаралды

Журналистерге арналған онлай курсқа қатысып көріп пе едіңіз? Биылғы жылдың басында Knight Center for  Journalism in the Americas пен European Journalism Center ұйымдары журналистерге арналған тегін курстарын ұсынып отыр.

Курс ағылшын тілінде өтпек. “Ағылшын тілім арнайы курс оқуға жеткілікті емес” деп ойласаңыз курсты Алматыда топпен бірге оқуға жазыла аласыз. Ол үшін жазбаның астындағы сауалнамаға назар аударыңыз.

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы курсқа қатысушылардан шағын топ құралса, арнайы орын жалдап, аптасына бір рет бас қосып бірге оқуға болатынын естеріңізге салады.

Курс атауы: Журналистерге арналған әлеуметтік желі журналистикасы 

Деңгейі: Бастапқы 

Уақыты: 3-ақпан мен 9-наурыз, 2014 жыл

Knight Center for Journalism in the Americas атты Америка журналистерінің орталығы Журналистерге арналған әлеуметтік желі атты онлайн курсқа тіркелу басталғанын хабарлайды.

Курстың басты мақсаты журналистерге әлеуметтік желідегі ақпаратпен жұмыс істеуді үйрету деп көрсетілген. Бес апталық курс барысында әлеуметтік желінің тарихынан бастап, контент стратегия құрудың жолдарын көрсету қарастырылған.

Курс – тегін. Әлеуметтік желі журналистикасының негізін түснгісі келетін кез-келген адам қатыса алады. Апта сайын оқуға арналған материалдармен қатар, арнайы видео лекциялар, тест тапсырмалары ұсынылып, форумда талқылауға арнайы тапсырма берілмек.

Жоғарыдағы 9 минуттық видеодан сабақ беретін мұғалімдермен танысып, курс жайлы толығырақ мәліметті біле аласыз.

Сабақтың барлығы ағылшын тілінде өтпек.

Курсқа тіркелу үшін төмендегі сілтемені ашыңыз. http://open.journalismcourses.org/

Курс атауы: Дата журналистикаға алғашқы қадамдар

Деңгейі: Бастапқы

Уақыты: 2014 жылдың басы (нақты уақыты хабарланбаған)

European Journalism Center атты Еуропа журналистер орталығы мәліметтермен жұмыс істеудің негіздерін түсіндіру үшін 2014 жылдың басында тегін онлайн курс ұйымдастырмақ. 

5 модульден тұратын 5 апталық курсты бес түрлі сарапшы жүргізеді.  Курста мәліметтерді қалай түсіну керектігі және онымен оқиғаны баяндаудың жолдары үйретілмек.

Курс барысында онлайн видео лекциялар көрсетіліп, оқуға арналған мәтіндер ұсынылып, арнайы тест тапсырмалары таратылмақ.

Жоғарыдағы видеодан курс туралы мәліметке қаныға аласыз.

Сабақтың барлығы ағылшын тілінде өтпек.

Курсқа тіркелу үшін төмендегі сілтемені ашыңыз: http://www.datadrivenjournalism.net/course/

***

Егер жоғарыдағы курстардың біріне қатысқыңыз келсе, алайда ағылшынша мәтіндерді, видео-лекцияларды толық түсіне алмауым мүмкін деп уайымдасаңыз, “Мінбер” журналистер орталығы аталған курстарды шағын топпен бірге оқуға шақырады. Ол үшін осы жазбаның төменгі жағындағы сауалнаманы толтырыңыз.  

Сурет СС рұқсаты негізінде gforsythe есімді қолданушының flickr мұрағатынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі