//

АҒАЙЫН АРАСЫ АЖЫРАМАСЫН, ҚАНДАСТАРЫМЫЗ ҚАМЫҚПАСЫН!

623 рет қаралды
1

   satey 1 Торапты ашып қарасаңыз да, газеттерге жарияланып жатқан материалдарды зерделеп оқысаңыз да көшіп келгені бар әліде көшіп келгісі келетіні бар алыс-жақын шет елдегі қандастарымыз болып осы көші-қон үрдісіне, ұлтына жанашыр жандардан, көші-қон үрдісіне байланысты наразылықтары, ұсыныстары күн сайын қарқындап көбейюде.

    Бұның себебі неде, зерделеп сараптап, жолға қоюдың жүйелі жолын табатын нақты иесі кім, көптің көңілінен шығатындай етіп нақты дәйектермен жазылған ұсыныс-пікірлер неге ескерусіз қала береді. Сұрақ көп, жауап жоқ! Бірақта осының бәріне қарап Отанына көшіп келгісі келетіндер де жетіп артылатынын мына соңғы үш жылда келген оралмандар саны айқындап тұрғандай…

Облыс, қалалар

01.01.-31.12.2011 жыл

01.01.31.12.2012

жыл

01.01-31.12.2013

жыл

01.01.01.04.2014

жыл

отбасы

жан саны

отбасы

жан саны

отбасы

жан саны

отбасы

жан саны

Алматы облысы

3667

10761

4443

9559

5184

9579

569

983

Ақмола облысы

508

1266

283

537

288

537

33

61

Ақтөбе облысы

737

2165

549

1236

282

513

55

83

Атырау облысы

33

384

187

364

181

317

25

35

Шығыс Қазақстан

1097

2439

1364

2508

1017

1814

135

228

Жамбыл облысы

1713

5311

1544

4252

1164

2590

222

403

Батыс Қазақстан

99

227

40

93

45

72

6

12

Қарағанды облысы

338

1231

431

1058

546

1173

Қызылорда облысы

99

303

62

120

62

85

Қостанай облысы

567

1642

530

1311

421

973

43

68

Маңғыстау облысы

2400

6651

2163

5983

1961

4144

268

497

Павлодар облысы

263

806

189

482

135

283

7

7

Солтүстік Қазақстан

112

312

81

210

47

92

5

5

Оңтүстік Қазақстан

3045

10584

2732

8600

3218

6678

467

838

Алматы қаласы

167

362

213

395

173

228

26

26

Астана қаласы

517

1317

829

1452

1033

1691

195

273

   Өкінішке орай соңғы жылдары оралмандардың Атамакеніне келіп оңтайлы орналасып бейімдеулеріне, қамқорлық көрсетіп қоныстары жайлы болуына қол ұшын беретін, есептерін жасап айырмасын анықтап отыратын, қазақтың саны, еңбек күштері, маман сұраныстары, елдің-мемлекеттің қай өңіріне қажеттілігіне қарай көш ағымын басқаратын Көші-қон мемлекеттік мекемесі өзі біресе анда, біресе мұнда әрбір мекеменің құзырына штаттық кестеге сәйкес көші-қон бөлімі болып өздері көшіп қонып жүр…

Қазақ елінде қазақ ұлт өкілдерінің саны еселеп артпаса тағдырымыз бірақ күнде өзгеріп шыға келетінін тарихтан да, әлемде болып жатқан соңғы елеулі өзгерістерден де біліп те көріп те отырмыз. Бей ресими деректерге сүйенсек шет елде 7 миллионға жуық қазақ бар екені айтылады.  Әрине бар қазақ үдере көшіп келе қояды деп айту артық болар. Десе де не көрсе де Атамекені Отанында ұрпағы өсіп, Қазақ елінің қамқорлығында алаңсыз өсіп өнгендерін қалайтындарының саны басым екені де белгілі. Оған себептер өте көп. Ең бастысы Отаның ғана өзіңді өзегіңнен теппейтіні.. Ендеше көшке көңіл бөлейік ағайын!!!  Ал соңғы жылдары біріншіден, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия елдері өздерінде тұрып жатқан әсіресе білікті мамандар, зиялы қауым өкілдерін шет елдерге топ-тобымен ауыл аймағымен жібере қоюға құлқынсыз. Қарапайым қалық қашанда ауылы болып жұртының зиялыларына сенім артып ақыл, парасатына жүгінетін ескерсек көш тоқырауына осы шет елден келіп елеусіз қала беретін, мамандықтары, біліктіліктері ескерілмейтін зиялы қауымның «ой, олар оралман ғой» деп қоғамда батпандап орын алған жайыттың көлеңкесінде қалып жатқаны… Екіншіден, Соңғы жылдары оралмандардың өтінішін, пікір, сөзін тыңдап оларға қамқорлық жасап, мәселесіне оң көзбен қарап шешім қабылдайтын мамандардың, заңға аяқасты енгізіле беретін, этникалық қазақ ұлт өкілдерінің өз Отанына қоныстануы үшін жеңілдетілген түрде тұрақты тіркелулері, азаматтық алу мәселелері шегерілуіне өздеріде таң болып, өзіміз бірдемесіне ұрынып кетпейік деген түсініктері шеңберінде жасаған қызметеріне оралмандардың ортаға тез бейімделіп орналасып кету қажеттілігі қанағаттанбайтыны.. Ал, ұлттына деген шеттен келген қазаққа деген көңіл күйлері ала бөтендері, бейшара қазақтар, «оралмандар оңбағандар» деп қана қоймай, ауызың бармайтын сөздерімен балағаттап  жататын шектен шығып кеткен жайттары да көші-қон үрдісіне кері әсерін тигізуде..

Тек әлі де болса Елбасымыз көші-қонды орнына қоятынына сенім артқан оралмандар әліптің артын бағып өзі баға берген Ұлы көштің келешегінен үміттеніп үндемей қала беруде. Үшіншіден, жоғарыдағы оралмандар есебі көштің қарқыны бәсеңдемегенін көрсетеді. «Ауруын жасырған өлер» деген халық сөзіне жүгінсек бұл сандарға сене беру де қисынсыз. Себебі: Соңғы жылдары өздері көшіп-қонып жүрген бөлім мамандары  заңға енгізілген өзгерістерді өздері толыққанды зерделеп сараптап, Елбасының көші-қон саясаты шеңберінде жүзеге асырмайды. Ондай талап қоятын басшылар  да аз дегендей. Бұл да көшке кері әсерін тигізуде!

     Төртіншіден, соңғы кезде кейбір облыстарда Оралман деректі қорына тек 2-3 айға қонаққа келгендер де енгізіле беретін болды. Әуелі Оралман куәлікті қолдарына жазып беріп жібергеннен 2-3 күн кейінде «Оралман деректі қорына» жұмыстан тыс кешкі уақыттарда енгізетін де болды. Бұл дегеніңіз оралманға бір облыстан өмірде бірақ рет берілетін мәртебе енді екі облыстан немесе бір облыстан екі рет берілуіне себеп болғаны. Ұлты қазақ қонақтарды қойып, мына техника заманында Өзбекстаннан бірнеше рет шет елге шығып келу үшін жасатқан төлқұжаттарына ұлтын «қазақ» деп жаздырып келу аса қиындық тудыра да қоймайтыны анық. Ал, мамандар олардан туу туралы куәліктерін талап етпесе, немесе ұлтын өзгерткені туралы алған анықтамасының түпнұсқасын тексермесе олар да қазақ болып «Оралман куәлік» алуға ынтызыр Оларға керегі оралманмын деп біраз уақытқа дейін базарда сауда жасап кетулеріне қажет болса керек. Ал, шет елден қонақ болып келіп Оралман базасына енгізіліп Қазақстанда тұрып жатыр деп есепке кіріп қайтып кетіп қалғандар бәрі бір ағымды жылда көшіп келіп қоныстанған оралман болып статистикалық есепке енгізіліп жатыр.  Зейнеткер жасындағы апа-аналарының паспорт көшірмелерін алып қалған жандар балаларын тіркеп «Алтан», «Күміс» алқа алғандары бар екенін, шет елден қаншама авто машиналар енгізіліп жатқанын, оралмандар өздері жырғып айтып заңның олқы тұстарын өз кәделеріне пайдалана білгендермен сыбайластыққа барудың жолына түсе беретіні де көшіп келіп тұрақты тұрып азаматтық алғандардан гөрі екі ел арасын шуылдатып қойып көшке кері әсер тигізудің наразылықтар туындатудың негізгі себептерінің бірі.

Философия ғылымының докторы, профессор, Серік Нұрматов ағамыз 24.04.2013 жылғы «Алаш айнасы» газетіне берген сұхбатында: «Бізде оралмандар мәселесімен айналысатын мемлекеттік құрылымдар 20 жыл бойы үнемі ауысумен келеді. Осының салдарынан қағазбастылық пен жауапсыздық пайда болды. Бізге келіп жатқан қазақтар жұмыс істеп, күн көру үшін емес, осы жерде тұрамын деп келетіндер. Сондықтан оларға біз өз көңілімізді аша алмай, мемлекет тарапынан олардың қоныстануына, бейімделуіне қолдау көрсете алмасақ, ол-бізге үлкен сын. Біраз уақыт өткеннен кейін тарих бұл туралы қатты сынап айтуы мүмкін, бұл кешірілмейді. Мәселенің екінші жағы бар, ол – оралмандар мәселесіне үнемі билік қана жауапты болуы керек деп қарамаған дұрыс. Мұндай патерналистік көзқарастан арылған жөн. Әрқашан қандай да бір қамқорлық күтіп отыру-онша жақсы нәрсе емес. «Ой, өзімізге жетпей жатқан да бұлар қай жақтан келе қалды» деген пікір нағыз рухани кембағалдық. Біздің жерімізге бәрі сияды. Қазақстанға кезінде талай адам келген, талай ұлттың өкілі келген. Енді өз қазағымыз келгенде, таршылыққа баруға болмайды. «Анау жерде орын бар, сендер соған барыңдар» деп жібере салуға тағы болмайды. Репатрианттың ондай жерлерге үйлесімді әлеуметтенуі, яғни ортаға сіңісуі, жерсінуі қиын болса, ондай көмектің не қажеті бар?! Сол сияқты елге бір әулет болып келгендерді әр жаққа бытыратып жіберсе, ол да қиын. Қанша дегенмен қарға тамырлы қазақ қой, туыстарымен аралас-құралас тұрмаса, бұл жайтта оның жергілікті халықпен сіңісуіне, осы жердегі қоғам өміріне етене араласып кетуіне кері әсер етеді. Бұл қазақтың бір ерекшелігін жоққа шығарумен бірдей. Міне, оралмандарды орналастыруда осындай факторларды міндетті түрде ескеру қажет. Бұрын басқа елде жап-жақсы маман, оқытушы, дәрігер болған адамдар мына жаққа келіп алып, өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмай, далада қалмауы керек»,– дейді.

Қазақта «арманы зор адамның азабы көп болады» деген ұлы сөз бар.

Отаным – Атамекенім  деп алып ұшып келген ағайындардың арманын азапқа салмайық ағайын! Ұлы көш тағдырына «Ұлылық» танытайық!!! Сөз соңында «халықтың көші-қоны туралы» Заңына енгізілуге дайындалып жатқан өзгерістерге бұрындары айтқан, берген ұсыныстарымды қайталамай бір-ақ ұсыныс айтқым келеді: Біз электронды мемлекет құрып жатқан соңғы техника құралдарымен қызметатқарып жатқан елміз. Сондықтан да Тұрақты қоныстану мақсатымен келген оралман қандастарымызды ауыл әкімдерінің өздерінің шаруашылық журналдарына тіркеп ауылына есепке алғаны туралы жазбаша берген келісімдері негізінде олардың тұрақты тіркелуге, Оралман мәртебесін алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығы, Ықтияр хат алуға, Көшіп келу квотасына енгізілуге тапсыратын құжаттар топтамасы олардың келген аудандарындағы «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында» қабылданатын болса. Аудандардағы Қызмет көрсету орталықтарына  «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы бойынша арнайы дайындық курстан өткен жас мамандар отырса. Ауданда қабылданған құжаттар топтамасы облыстық көші-қон полициясы, облыстық көші-қон басқармаларына келіп сарапталып, зерделенгеннен кейін арнайы бағдарламаларға енгізіліп жүзеге асатын болса оралмандар заңда көрсетілген мерзімдерде тұрақты тіркелгендері, оралман мәртебесін алғандары, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғандары, Ықтиярхат алатындарын, Квота мәселесі бәрінде Қызмет көрсету орталықтарынан уақыты жазылып берілген талондағы мерзімдері бойынша біліп тұрады, және оларға үлкен қамқорлық жеңілдік болады. Бұл мемлекеттің мүддесі үшінде оңтайлы шешім болып көші-қон саласында айтыла беретін сыбайлас-жемқорлыққа нүкте қойылары сөзсіз!      Ал енді келгісі келетін қандастарыма да айтқым келгені, қайда жүрсеңде қазақтың бір ғана Отаны ол Қазақ елі. Қазақ елінің Үкіметі Қазақстанның қай елді мекеніне орналастырамын десе көштен қалмай сонда баруға ұмтылыңыздар. Шақырылған қонақ жайлы орында отыратын қарапайым қағиданы естен шығармау қажет. Ал, өз күшіңіз қаражатыңызбен қалаған елді мекеніңізге келгіңіз келсе өз шешіміңіз бойынша жеделдетіп Қазақстан Республикасының азаматы болып еңбектене беріңіз. Шет елде министр болған болсаңыз да өз Отаныңызда өз бар мүмкіндігіңізбен өмір сүріңіз. Бүгінгі қоғам, өскен орта менталитенті, сіздің шет елдегі еңбек тәжірибеңіз атажұрттың болмысына үйлесуі үшін бері айтсаңыз бір мүшелі жас уақыт кететіні жаратылыстың заңы екен. Ал, ұрпағыңызды бүгіннен қалдырмай Отанына жеткізу ол сіздердің ата-аналық міндет борыштарыңыз. Одан шегінуге жол жоқ. Біздердің ата-бабаларымыз да ұрпақ үшін өздерін құрбандыққа шалып кеткендері тарихи шындық! Шет елде зейнет ақым бар деп Ықтияр хат алып екі елдің ортасында шапқылай беруде ұрпағыңыз алдында ұлағатты іс емес екенін өздеріңізде білесіздер. Сіздің бөгде елде шалқып жүргеніңізден, балаңыздың өз Отанында ана тілімен сусындап, өз достарымен бірге алған білімі сіздің тағдыр тәлкегіне азғантай түскеніңізден анағұрлым мәнді де мақсатты боларын бұрындар келіп алған біздер ет жүрегімізбен сезінеміз. Бұл өмір шындығы.. Біз білім, біліктілігіміз, мамандығымыз бойынша сіздердің заңды құқықтарыңыз білместіктен бұзылмауына ат салысамыз. Қалау да қадағалау да өз құзырыңызда оралман қандастар! Әр кез ағайынның арасы ажырамасын, қандастарымыз қамықпасын ағайын!

                       oqan      Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ,

                         саясаттанушы, қазақ көшін зерделеуші

 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. # проф. Совет-Хан Ғаббасов 31.05.2014 21:33
    Ақберен айналайын, мынау сан-саққа ой жүгірткен мақалаң… мені қатты ойландырды. Осылайша ойлануға ұмтылған… сендердің буындарыңа ризашылық сезімім мен шерменде жатқан үмітім де оянғандай болды. Сен – неге… неге… -деген сұрақтың жауабын іздегеніңмен табалмағаның анық. Әйтседе, бұл сұрақтың жауабын иісі Қазақ баласы болып іздеуге тиісті. Міне осы ізденуге қозғау салғанның өзі де көп жетістік. Мұны оқып шыққан әр азамат, бос сөздің құлы болмай… НАҚТЫ ПІКІРЛЕРІН ортаға салса, нағыз игілікті іс болмақ ?!!..
    Олай болса менің ұсынатын нақты пікірім төмендегідей :
    І. Халық рухани сілкініс жасап, қолынан келетіні… бауырынан дүниеге келген балаларының тәрбиесіне ерекше көңіл аударуы ауадай қажет. Дәуір ауысуына сәйкес… келген уақытты түсініп, АЛЛАНЫҢ құретімен әзірше бізге ғана… Қазаққа ғана түсіп тұрған, – “ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІН” – дереу жаппай қолға алып, шындығында да “…НЕМҚҰРАЙЛЫҚ …” пен ЕНЖАР- САЛҒЫРТТЫҚТЫ жою керек. Бұл ІЛІМ – бұрынғы тәрбиедегі “ТӘН ҚҰМАРЛЫҚТАН” оздырып, жаңа буынды “ЖАН ҚҰМАРЛЫҒЫНА” ауыстыратыны ғылыми дәлелденгені анық. Мұны біреуден сұрап алардай… қолға түспейтін нәрсе емес. Бұл ІЛІМ бірнеше басылым кітап болып шыққан. Бұл кітаптардың аттары : – “Ізгілк әліппесі” – “Халық педагогикасының негіздері” – “Педагогика мен Психология негіздері” – “Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі” – авторы Совет-Хан Ғаббасов болады. Осылайша, Халық -өзін-өзі түзеуге кіріседі.Қазірд ің өзінде бұл технологиямен өмірге келген балалар арамызда аса үлкен жетістікпен көріне бастады.
    ІІ. МЕМЛЕКЕТ пен ХАЛЫҚТЫ басқарудағы кемшілік ! Мемлекетті басқарудағы құдіретті ҮШ ЖҮЙЕ бізде жоқ. Олар қоғамды – БАСҚАРУ – ҰЙЫМДАСТЫРУ – ҚАДАҒАЛАУ – жүйелері болып табылады. Дүние жүзінде бұл ҮШ ЖҮЙЕНІ жақсы меңгерген ЖАПАН елінен үлгі алуға болады.
    ІІІ. Қазақ өз ҰРПАҒЫН өзі аздырып отырған халық. АНА ТІЛІНІҢ құдіретін тсінбеуден… өз балаларын басқа тілде оқытып, Өзінен туған баласына қаскүнемдік жасаудан жаңылар емес. Ең әуелі – “СӨЗ” (слова)- пайда боғанын… Талмутта да, Інжілде де, Құранда да бекер айтпаған ғой. Тек ТІЛ ғана – ата-баба зердесімен байланыстыратын ы ғылымда баяғыда дәлелденген. Ғылымда – филогенетикалық зерде – делінеді. Міне, ТІЛІ орысша шыққан Қазақ баласы өзінің ата-бабасының зердесінен АДА қалады. Ал ТЕГІ басқа болғандықтан ол бала Орытың да ата-баба зердесімен де қосыла алмайды. Мұндайларды – космополиттер немесе Шалақазақтар – деп атап жүрміз. Бұларға – ұлттық құндылық – дәстүр мен салт, тіпті Отаннын да құрметтеу қиын соғады. ЭЗЕТЕРИКАЛЫҚ ІЛІМ де – бұларды ІБІЛІСТІҢ І-ші көмекшісі дейді. Мен ұсынатын ПІКІРЛЕР әзірше осы. Иісі Қазақтың баласы Ұлт пен Халқың керек болса тыңда ! ҰЛТ ТАҒДЫРЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі