//

Украинада президент сайлауы өтті

630 рет қаралды

ukrayna 1 Украинадағы президент сайлауында экзит-пол бойынша “жеңісін” жариялаған кандидат Петр Порошенко президент болып сайланған жағдайда қазіргі үкімет құрамы мен премьер-министр Арсений Яценюкті ауыстыру ойы жоғын мәлімдеді. (Суретте:  Петр Порошенко )

Украина орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, мамырдың 25-і күні өткен сайлау бюллетендерінің жартысынан көбін есептегендегі алдын-ала нәтиже бойынша, олигарх Петр Порошенко 54 пайызға жуық дауыс жинап, жеңіп тұр. Бұл басымдық сақталса, ол сайлаудың алғашқы кезеңінде-ақ елдің жаңа президенті атанбақ.

Киевте 26 мамырда сөйлеген Порошенко Украинаның шығысының “Сомалиге айналуына” жол бермейтінін айтты.
Ол бұған қоса Ресейдің араласуынсыз Украинаның шығысында тұрақтылық орнатудың мүмкін емесін айтып, келесі айдың басында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отырғанын білдірді.

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинадағы президент сайлауы “проблемалардан ада болмағанын” айтып, Мәскеудің Украина халқының президент сайлауындағы еркін құрметтейтінін мәлімдеді. Лавров Порошенко Украинада орныққан экстремистік көзқарастарды жоюға бар күшін салады деп үміттенетінін айтты.

Дерек көзі: azattyq.org

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі