///

Астанада: Ер Жәнібек – 300 жыл

705 рет қаралды

Жәнібек сынды батырлар рухын ұлықтау – жас ұрпақты отан сүйгіштік рухқа тәрбиелейтін бағалы оқулық іспетті. Олардың есімін көтеру, оны келер ұрпаққа аманаттау – тәуелсіздік тұғырымызды одан ары бекемдеп, «Мәңгілік ел» мұратына жетуімізге айқын бағдар, жалынды рух сыйлайды.

Осы орайда, Республикамыздың жер-жерінде аталып жатқан мерейтой аясында Астана қаласында да арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Нақтылы күнтәртібі төмендегідей:

  • 17 маусым. 17:00 сағаттаАстана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында  Ер Жәнібек рухына арналған ақындар айтысы.
  • 19 маусым. 9:30 сағаттаЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ер Жәнібектің 300 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел және Ер Жәнібек» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
  • 13:00 сағатта – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылында батырдың 300 жылдық мерейтойына арналған арнайы ас.
  • 14:30 сағаттаЕр Жәнібек атындағы жастар мен жасөспірімдер арасында «белбеу күресінен» Республикалық біріншілік (чемпионат) пен Қазақ күресінен өтетін түйе палуан жүлдесінің  басталуы.

–       15:30-сағатта – Қоянды ауылы орталығындағы «Ер Жәнібек бақшасына» қойылатын батырдың атқа мінген тұлғасы орнайтын ескерткіштің ірге тасын қалау рәсімі.

–       Қоянды ауылының орталығынан  алынған «Ер Жәнібек көшесінің» тұсаукесер салтанаты. Батыр рухына арналған әдеби-музыкалық кеш.

–       19: 00-де жалпы қорытынды.

Салтанатты шараға ҚР парламент мәжілісі депутаттары, Ақмола облысы әкімдігі, ҚР дене шынықтыру және спорт агенттігінің басшылары мен әлем чемпиондары, ақын-жазушы, ғалымдар, Целиноград ауданы әкімі, шетелден келген сыйлы қонақтар қатысады деп күтілуде. 

«Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры»

Ұйымдастыру комиссиясы

 

Астана қаласындағы байланыс тел: 8-701-7499842, 8-701-6189990

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі