//

Алтай тауына тәу еткен кім?

1093 рет қаралды
2

m12014 жылы шілденің 3 күні Моңғол Ұлысының (Монгол Улс) президенті Цахиагийн Элбігдоржы Алтай тауының Бесбоғда аталатын бес шыңының баурайына келіп Тәңірге табынып, мінәжат жосынын жасапты. Тау-тасына тәу етіп, Көк Тәңірінен тілек тілеп, құрбан шалыпты. Бұл 17 ғасырда Будда дінін қабылдаса да, ежелгі ата-баба нанымының бүгінгі ұрпағының санасынан да мәңгілік орын алғандығын байқатады. Елдің бас тұлғасының өзі ескі сеніміне осындай зор құрмет көрсетіп жатқанда оның қалың қара бұқарасының да көкейінде халықтық көне дәстүр түп-тамырын үзбей сайрап жатса керек. Президент Элбігдоржының қасында будда дінің өкілі ламаның жүруінен қазіргі дін өкілдерінің де бұл іс-шараға ынтымақтастығын көруге болатын.

Алыс-шалғайда отырған біздің назарымызды ерекше аударғаны мына суреттен көріп отырғандарыңыздай m2қатарымен тігілген – үш Ту. Біріншісі, қазіргі Моңғол Ұлысының мемлекеттік Туы – қызыл, көк, және қызыл түсті. Өткен ғасырда билік құрған коммунистер заманынан қалған елдің жалауы. Екіншісі жылқының құйрық қылынан жасалынған қадымнан қалған Қара Ту, бұны Шыңғыс хан заманында Қаһарлы Қара Ту немесе Жорық Туы деп атаған. Ал үшіншісі менің ойымша Көк Моңғолдың Көк  Туының жаңартылған бір нұсқасы болса керек. 1989 жылы моңғолдың жас демократтары Көк Туды желбіреткені белгілі…  Алайда Көк Түріктің Көк Туы қазағыма бұйырды. Көк аспанымызда Көк Тулар мәңгі жайқала берсін!

Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Көшпелілер тау мен тасты, жер мен суды әспеттеуі олардың табиғи ортаны экологиялық тұрғыдан игеру тәжірибесінде және дүниетанымында берік орын алған. Сондықтан да қазақтар “Тауы да алтын, тасы да алтын” деп ардақтаған. Тау мен жердің киесі ниет еткен баршаны қолдау, қорып жүрсін!

  2. Бұл жасалған рәсімнің геосаяси астары болуы да мүмкін, өйткені соңғы кезде әркімнің аумағына алпауыт елдер тарапынан көз аларту, тіпті әлімжеттік жасап тартып алушылық етек алып барады. Осы жағдайды ескерген моңғол президенті “мынау Алтай деген ұлы тау ежжелден менің ата-бабамның тәу етіп табынып, пір тұтып келген киелі мекені” дегенді бір аңғартып қоюы да болуы мүмкін.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі