///

Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін бе? Әлде?

856 рет қаралды
2

Жұма күні «Достық үйінің» мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл және Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті. Таратылған баспасөз-мәліметіне сүйенсек, дөңгелек үстелді Академик Өмірзақ Айтбайұлы басқаратын халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырып отыр екен. Дөңгелек үстелге «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері шақырылыпты. Жиынды Филология ғылымдарының докторы, кезінде «Тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған Ерден Қажыбек жүргізіп отырды. Үстелдегі таблодан аңғарғанымыз жиынға шақырылған қонақтар көп көрінеді. Алайда әдейі ат терлетіп жеткендері шақырылғандардың жартысына жуық ғана. Алғашқы сөзді алып, жиын шымылдығын ашқан Өмірзақ Айтбайұлы мемлекеттік тілді дамыту барысында Елбасының ерен еңбегін айта келе, алдағы сайлауда Елбасын қолдайтындығын жеткізді және Нұрсұлтан Әбішұлына арнаған толғауын аса тебіреніспен оқып берді.

Екі тізгін, бір шылбырды қолына алған Ерден Қажыбек бұл жиынның негізгі мақсаты — қазақтың қазақпен қазақша сөйлеуін талап ету дегенге баса тоқтала отырып, өзге ұлт өкілдерінен оны білуді талап ету, адам құқығын шектейді деген ой айтты. Кезінде Тілдер комитетін басқарған тұлғаның мемлекеттік тіл туралы түсінігі бізді біраз таңқалдырғаны.

https://soundcloud.com/yesengul/811-0216a

Саясаттанушы Дос Көшім «мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген тәмсілдің күні өтті. Елбасы бұл ұсынысын айтқанда заман қазіргіден өзгеше болатын. Қазақтардың Қазақстандағы үлес салмағы 45 пайыз болса, қазір 70 пайызға жетті. Демек, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтетін уақыт жетті» деді.

https://soundcloud.com/yesengul/811-0221a

Яғни, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылында, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге қол жеткізгенінің 28 жылдығында әлі күнге дейін қазақ пен қазақты қазақша сөйлетуге қол жеткізе алмай отырғанымызға кім кінәлі? Мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдерінің үйренуіне не кедергі?

“Президент және халық” газетінің бас редакторы Марта Тоқашбаев мемлекеттік қызметкерлерден мемлекеттік тілді талап етпейінше, мұның мүмкін емес екендігін айтты.

Есен Байнұр

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Екі қазақ бір-бірімен 25 жылда сөйлесе алмаса, енді қанша жылдан кейін сөйлесе алады екен? Осындай қарапайым дүниеге түсінбей жүргендердің білімі қандай деп, сұрағаннан басқа не айтуға болады?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері