///

Тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісті

868 рет қаралды

Алматыда Internews Network пен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен тренерлерге арналған тұңғыш қазақ тіліндегі тренинг өз мәресіне жетті. Тренингке Қазақстанның әр түкпірінен арнайы конкурс арқылы таңдалып алынған 12 медиатренер қатысты. Айта кету керек, бұндай тренингтер қазақ тілінде бұдан бұрын өткізілмеген еді.

Тренерлерге арналған тренингті “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының медиа тренерлері Есенгүл Кәпқызы мен Асхат Еркімбай жүргізді. Тренингтің алғашқы күні тренинг туралы түсінік, тренингтік әдіс-тәсілдер мен жаттығуларды қолдануға көбірек бағытталса, екінші күні тренингтің дизайны мен алгоритмін құру, бағдарламасын жасау, жалпы методологиясын түсінуге арналды. Ал үшінші күні тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақтағы жобаларымен және тренерлік әдістерімен бөлісті.

– Бұл қазақ тілінде өткізіліп отырған тұңғыш тренинг. Сол себептен де шығар, біздің алдымызда үлгі етер тəжірибелер болмады, сондықтан бізге оның методологиясын жасау қиын болды.Қатысушылардың 50 пайызы өңірлерден келіп отыр олар тренинг жүргізудің алғашқы мағлұматтарын үйреніп тренинг өткізуге машықтана алды деп ойлаймын, – дейді “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы.

– Тренинг дегеніміздің өзі дағды мен машықтарды игеру дегенді білдіреді. Тренинг барысында біз өзара тәжірибе бөлісуге көбірек көңіл бөлдік. Нәтижесінде әрбір қатысушы тренингтің дизайнын жасау және жоспарлауды түсінді әрі қолдарында дайын 12 бағдарламасы болды. Меніңше, бұл тренинг бұндай шаралардың әлі де  қажет екендігін көрсетіп берді. Алда әлі де көп жұмыс күтіп тұр, –  дейді медиа тренер, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының “Жаңа медианы зерттеу тобының” жетекшісі Асхат Еркімбай.

– Ешбір тренингтерде дәл осылай терлеп тепшіп, миды аударып-төңкеріп отырмаған болармыз. Екі күн бойы алған ақпаратымыз аз емес. Асхат пен Есенгүл апай бүге шегесіне дейін түсіндіруде. Ешнәрсе тыс қалған жоқ деп ойлаймын. Үшінші күн қатысушыларға тиесілі. Бір жолда бірден он екі адамның тәжірибесімен бөлісемін деп ойламаппын. Маған сондай пайдалы болды, – дейді шымкенттік медиатренер Раушан Мақым. 

– “Интерньюс” ұйымдастырып жатқан ТоТ тренингі мен үшін аса пайдалы болды дер едім. Күнде көріп жүрген Есенгүл апайымыз бен Асхат Еркімбайдың тренингі, расымен де, берері мол, кәсіби жағынан пайдалы дүние болды. Өзімнен өзге 11 қатысушының әрқайсысынан әлдене үйрендім. Әрқайсысына қызықтым. Бірінен еркіндікті, бірінен кіршіксіз тазалықты, енді бірінен ашықтықты дегендей. Кәсіби машықтар өз алдына, – дейді алматылық медиатренер Жұлдыз Әбділда.

– Қазақ тілінде мұндай тренингтер өте аз өткізіледі. Тренинг әдіснамалық тұрғыдан да,  мазмұн жағынан да өте жоғары деңгейде өтті,  — дейді алматылық медиатренер, www.gonzo.kz сайтының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай.

 “Мінбер-ақпарат”


16692_10204415714056172_6347362833075912_n
1794639_10204415714496183_6402121670732302877_n 10311779_10204401396498242_6749903461799740710_n 10537418_10204411328906546_2269854062902888747_n 10888800_10204413541001847_680966271034367524_n 10945006_10204401396978254_3704610374002221020_n 11053088_10204401396138233_3138544055315835446_n 11165236_10204413546321980_1617831697012958829_n 11252552_10204401394898202_5401901613408377941_n 11351248_10204401398418290_2643243300811296326_n 11391387_10204401397978279_8998415238853028622_n

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі