////

(ФОТО) Қауымдық БАҚ ашудың алғашқы қадамы

315 рет қаралды
8

Бүгін Қызылорда облыстық Ә. Тәжібаев атындағы ғылыми-көпшілік кітапханада “Facebook арқылы блог жүргізу және қауымдық БАҚ” тақырыбында семинар-тренинг басталды.

DSC_0353

Семинар-тренингті Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы қолдап, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырып отыр. Семинар-тренингке Қызылорда облысының кітапханашылары мен онлайн орталықтың өкілдері қатысуда. Әзірге 7 ауданнан 16 қатысушы бар. Семинар-тренингтің мақсаты – қауымдық БАҚ-тарды дамыту арқылы жергілікті жұрттың үнін бұқараға естіртуді дәріптеу. Олар өз ауылын, өзі жұмыс істеп отырған мекемесін, мектебін, ауылындағы қарттарын, кәсібін осылай дәріптей алады. Сондай-ақ, ауылдағы кейбір толғақты проблемаларды да ел талқысына салу мүмкіндігі бар. Бүгін түске дейін семинарға қатысушылар жаңа медиа мүмкіндіктерімен танысып, gmail поштасының ерекшеліктері  және youtube мүмкіндіктерімен танысты.

DSC_0354 DSC_0355 DSC_0357 DSC_0370 DSC_0369 DSC_0366 DSC_0361 DSC_0359

8 Comments

  1. Бүгінгі өткен семинар көңілімнен шықты, біліп үйренгенім мол болды тек айыбы бөлінген уақыт өте аз.

  2. Маған бүгінгі ұйымдастырылған тренинг өте ұнады, көп рахмет

  3. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Суретке әдемі болып түсіпсіздер

  4. Сіздердің бүгінгі сабақтарыңыз өте қызықты өтіп жатыр. Көп мағұлмат алдым.Сіздерге алғысым шексіз.

  5. Бүгінгі семинар- трениенг жақсы өтті. Көптеген ақппарат алдым

  6. Қадамдарыңыз оң болсын! Осындай семинарлар жиі -жиі болып тұрса нұр үстіне нұр болар еді!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бегзат АҒИЯРҰЛЫ, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы Мемлекеттік «Алтынай» халық биі ансамблінің бишісі: Арманым өнерге жетелесе, өнерім елге алып келді

Қазақстан тарихының кейінгі отыз жылында атажұртқа оралған ағайынның әр қайсысы әр салада қызмет етіп елдің дамуына