///

Телеарнаға сарабдал бағдарлама керек

1702 рет қаралды

04f3d01ba10d0f503c9007bf12d67bd7

Үйдегі көк жәшіктің жұлдызды жәшікке айналуының себебі неде? Халықтың сауатын арттыратын бағдарламалардың орнына отандық телеарналардың  ойын-сауық бағдарламалары күннен күнге артып келеді. Егер жаңылыспасам, мемлекеттік ақпарат құралдарына бөлінетін қаржы қарапайым халықтың қалтасынан төленген салықтың есебінен бөлінеді. Ендеше, халықтың қалтасынан жырымдаған ақшаға көңіл көтеретін бағдарламаларды түсіргені халыққа қаншалықты тиімді? Бұл халықты алдаусырату ма әлде расымен де көк жәшіктің өнер жұлдыздарының ықпалына өткені ме?

Қалай дегенмен де, қарапайым халықтың сауатын аша түсетін телебағдарламалардың аяқ алысы ақсаңдап тұр. Соңғы уақыттағы сүйекті оқиғалар – экономикалық дағдарыс, девальвацияның, геосаяси оқиғалардың себептерін халыққа түсінікті тілмен бере алатын бағдарламалар жоқтың қасы. Көрші елдердегі ақпараттармен бізді қанықтырып  тұратын, сараптап, қарапайым, түсінікті тілмен жеткізе білетін де бағдарламалар саны аз. Сонымен қатар, біздің елде Заңды тек сол салада қызметте жүргендер жақсы біледі. Ал Заңға бас иетін халқымызға Заңды түсіндіріп беруге неге болмасқа?! Экономика, саясат айдарларынан да тиісінше хабарлар беру  халықтың сауатына игі ықпал етер еді.  Өмірде қажетті, тұрмыста маңызды,  пайдалы кеңестердің орнына әрбір үйдің төріне шыққан көк жәшікте халықты ойлануға жетелемейтін, құр күлкі мен уақытша қуаныш сыйлайтын, алтын уақыттарын текке алатын көңіл көтеретін бағдарламалар саны жылдан жылға артып келеді. Оның себебі неде? Қазақ журналистикасы осалдық танытуда ма әлде халықтың сұранысы сол ма?

Егер мысалға Қазақстан ұлттық арнасының бағдарламалар тізімін алар болсақ:

Көңіл көтеру Сауаттандыру немесе ақпараттандыру
1. Ас болсын Агробизнес
2. Баламен бетпе-бет Ақсауыт
3. Сенбілік кездесу Apta.kz
4. Намыс дода Айтуға оңай
5. Көкпар – ұлттық ойын Әйел бақыты
6. Әзіл әлемі Бірге таңдаймыз
7. Менің Қазақстаным Дауа
8. Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен Поэзия әлемі
9. Жайдарман үздік әзілдер Иман айнасы
10. Жайдарман Келбет
11. Таңшолпан Sport.kz
12. Бүгін жексенбі Қылмыс пен жаза
13. Сенбілік таң Серпіліс
14. Көңілашар Индустрияландыру: ұлттық өндіріс
15. Қазақстан дауысы KazNews
16. Айгөлек Сіз не дейсіз?
17. Бейнеқор (үздік бағдарламалардан) Парламент
18. Шығармашылық кеш, концерттер Тарих толқынында
Жарқын бейне
Жан жылуы

Бағдарламаларының 47%-ы ойын-сауық, көңіл көтеретін бағдарлама  болып шықты. Оған қоса «халықтың сұранысы бойынша» деп көрсетілетін телехикаялар да бар емес пе. Қазақстан арнасында сериалдардың тізімінде «Табысқа бастар жол», «Жаңа қоныс», үнді телехикаясы «Келін», филиппиндік «Жүрегім сізге аманат» көрсетіліп келеді. Алайда телехикаяның шығу тарихы да Бразилиядағы сұмдық оқиғамен байланысты. Ол жақта үйде отырған келіншектердің өздеріне қол жұмсаулары көбейіп кеткен соң, сериалдарды ойлап тауып, күнде бір-бірден көрсетіп отырған көрінеді. Сол үйде отыратын келіншектер енді өз тағдырларына емес, сериалдағы кейіпкерлердің тағдырларын уайымдап күн кешіпті. Елімізде де «Анандидің» тағдырын ойлап жүргендер де аз емес.

Ал «қарапайым халықтың мәселелерін көтеретін» 31 арнаның бағдарламаларына келер болсақ,

Ойын-сауық Танымдық
Ризамын Информбюро
Ералаш
Дом-Весы
Қазақша концерт
Шаншар әзілдері
Алдараспан әзілдері

Яғни, жеңіл күлкіге, әзілге құрылғандар бағдарламалардың қатары басым. Ал «Сүйген сұлу», «Сен келерсің», «Бәйбіше-Тоқал», «Кухня» сериалдарын еңбектеген баладан еңкейген қарттарға дейін үзбей көреді. Яғни, бұл арна өзінің көрермендерін телехикаялар арқылы баурап отырады. Өкінішке орай бүгінгідей ақпарат ағымы өте қарқынды заманда ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алатындай сериалдардың аз екені көпшілікке мәлім.

Тележүргізушілерге келер болсақ, олардың дені әнші, әртістер қауымы.Бірақ, олардың интеллектуальдық деңгейі сауатты да, сарабдал бағдарлама жүргізуге жете бермейді. Сөйтіп, қазір Қазақ телеарнасы дағдарып тұрған жайы бар.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі