//

Түркияда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай концерт өтті

565 рет қаралды

_DSC0849Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстанның Тәуелсіздігі күні аясында Түркияның ірі қалалары – Стамбул мен Анкарада 180 өнерпаздардың қатысуымен Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі тарапынан концерт ұйымдастырылды.

Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Айман Мұсақожаева бастаған Қазақстанның өнерге еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлерінің, оның ішінде 11 әнші, бес шығармашылық топ өнер көрсеткен аталмыш шараға 6 мыңнан астам Түркиядағы мемлекеттік және дипломатиялық мекемелердің басшылары, халықаралық ұйымдардың төрағалары, мәдениет пен өнер саласының майталмандары мен өнерсүйер қауымы қатысты.

Классикалық музыканың әлемдік үлгісі, халықаралық деңгейдегі скрипкашы, _DSC0839«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының» иегері А.Мұсақожаева өзіннің асқан талантымен түрік өнерсүйер қауымын таңғалдырып, көпшіліктің құрмет пен қошаметіне ие болды.

Концерттік бағдарламада қазақ және әлемдік классиктердің атақты туындылары орындалды. «Біржан-Сара» операсының үзінділері, ұлы Абайдың, «Рондо Капричиозо», «Каватино Фигаро» және тағы басқа туындылары шырқалды.

танцы Жоғары деңгейдегі қазақ және әлемдік классиканы тамашалаған түрік көрермендері барлық концерттік туындыларына тәнті болып, кең қошаметпен қабылдады. Залдың кеңдігі мен акустикасы шырқалған әндер мен тартылған туындыларға одан әрі жан бітірді.

Айтулы шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылғандықтан, Анкара мен Стамбулда өткен көнцерттерде Қазақстанның ұлаң-байтақ жері мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы бейнероликтер көрсетілді.

Концерттік бағдарламаның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы танцы оконцовкаТөтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев екі бауырлас ел арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынас Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында нығайып отырғандығына баса назар аударды. Сонымен қатар, бауырлас Түркияның билігі мен халқы Елбасының сарабдал саясатын қолдайтынын жеткізді.

Шара соңында Елші Ж.Түймебаев Қазақстанның Еңбек Ері А.Мұсақожаеваға «Қазақстан-Түркия Достығы» медалімен марапаттап, алғыс білдірді.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі