//

Елбасы:  Баламызды қабылдап, батамды бердім…

790 рет қаралды

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөзін былайша бастаған: «Димаш Құдайберген деген баламызды қабылдап, батамды беріп, кешігіп қалдым. Мен оған зор денсаулықпен бірге Құдай берген талантын жоғалтып алмауды тіледім. Сол үшін кең құшақ жайып, мейірімін төгетін қазақтың аса қонақжайлылығынан байқауды өтіндім.

Жолын кесу үшін бізде мақтай береді. Сондықтан көп мақтауға елітпе дедім».( Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады).

Анықтама: Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайдың «Singer-2017» телебайқауына қатысып, әлемге танылды. Үш айға созылған ән додасында Димаш 14 кезеңді сәтті бағындырып, ІІ орын алды. Байқаудан тыс ол бірнеше атаққа ие болды. «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық деңгейдегі танымал әнші» жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының «Азияның ең танымал әншісі» номинациясында жеңіске жеткен болатын.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар