////

Абу Даби плазадағы оқиғаны мемлекеттік арналар қалай көрсетті?

858 рет қаралды
1

Өткен аптадағы ел назарын аударған Абу Даби плазадағы оқиғаны мемлекеттік арналар қалай көрсетті?
«Хабар 24» ұжымы бұл жолы ерледі. 2 қыркүйек күні-ақ түнгі жаңалықтарында Астана әкімінің, ақпарат және коммуникация министрінің, ІІМ ресми өкілінің ақпараты мен түсініктемелерін жедел эфир арқылы көрсете алды.

Міне, жаңалықтар қызметі осылай жұмыс істеуі керек.Басқа арналар ол түні де, ертесінде де түк болмағандай ұйықтап жатты. Жарайды олардағы жаңалықтар қызметтері бір жағынан сақтыққа басып, екінші жағынан демалыстарын да бұзғысы келген жоқ шығар,бірақ өкінішке қарай 1 күннен кейін эфирге шыққан апталық хабарларда бұл оқиға туралы ләм-мим демеді.
Хабар 24-тен басқа , 2-3 қыркүйек күндері бүкіл әлеуметтік желілер мен сайттар бұл оқиға туралы видеоларды таратып, жан-жақты талдап, пікірталас өрбітіп, сараптап тастады.

3 қыркүйек күні Ұлттық арнада кешке «Апта» бағдарламасы, Хабарда орысша “Жетікүн “тікелей эфирде көрсетілді. Бірде-бір ақпарат, не жоғарыдағы лауазымды адамдардың, тіпті ақпарат министрінің түсініктемесі де берілген жоқ. Бұл апталық сараптамалық хабарлар сол аптадағы ел назарын аударған осы оқиғаны жан-жақты сараптап, оқиғаның орын алу себептерін анықтап,шетелдік жұмысшылардың өрескел әрекеттерін заңгерлер пікірімен дәлелдеп, миграция мәселелерімен айналысатын министрліктерден түсініктеме алып, көрермен үшін тер төгіп толыққанды жүйелі сараптамалық сюжет беруі керек еді.

Өркениетті елдердің телеұжымдарындағы сараптамалық хабарлар солай жұмыс істейді.Өкінішке қарай оны көре алмадық. Осыдан-ақ журналистиканың басты принципі қоғамды алаңдатқан мәселені көтеру жағы тағы да ескерусіз қалды.

Хабардың қазақша «7 күні» 2 қыркүйекте оқиға болмай тұрып, эфирге шығып кеткен еді,оларға тағар айыбымыз жоқ. Менің таңқалғаным, әншейінде ақпарат министрінің әр сөзін қолпаштап отыратын мемлекеттік арналар оның Абу-Даби Плаза оқиғасына орай берген түсініктемесін неге елемеді екен?

Негізі осы оқиғаға орай түнде болса да дереу ақпарат құралдарына түсініктеме берген Әсет Исекешев пен Дәурен Абаев мырзаларға журналистер қауымының атынан көп рахмет! Бір жағынан бұл олардың жұмысы шығар дерсіз. Бірақ бізде бұрындары ресми мекемелер оқиға өткен соң 1-2 күннен кейін ғана түсініктеме беріп келгенін ескерсек, бұл үлкен алға жылжушылық. Ақпарат министрі мен Астана әкімі осындай оқиғалар кезінде журналистерден қашуға тырысатын әкімдер мен министрлерге әдемі үлгі көрсетті.

Еркін Байғабылұлының фейсбук парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі