//

 “Тар заманды” көргеннен соң…

726 рет қаралды

“Тар заманды” фильмінің он екі бөлімін көріп шықтық. Бүгін аяқтап отырмыз. Телесериал жоғары деңгейде түсірілмесе де, елім, жерім, қазағым деп ойлайтын, қазақтың шын тарихын білгісі келетін әр бір адамның жүрегіне жол таба біледі екен. Ерлан Карин мырза, айтылуы мардымсыз, ақиқаты ашылмаған, коммунистік көзқараспен ғана там-тұмдап халыққа жеткен Қазақтың қилы тарихы, тар жол тайғақ кешуі жайлы көркем дүниеге жол салғаныңыз үшін көп рахмет!

 “Тар заманды” жүрегің шаншып, көңілің қан жылап отырып көреді екенсің. Шарасыз қалған қазақ боздақтары үшін көкірегің қарс айырылып, жан-жүрегің сыздап кетеді екен. Алаштың осы тағдыры талайдың көкірек көзін ашып, елім дейтін жастар көбейе түссе екен. Қазақтың қызыл қырғыннан көрген қасыретін білмей біздің бүгінгі және келешек ұрпақ отарлық езгіден мүлдем құтыла алмайды. “Тар заман” сол бір аманатты орындауда жасалған ерлік қадам. “Қазақстан” телеарнасында жұрттың көруіне жарайтын, көріп қана қоймай ой салатын дүниелердің көбейгені қуантады. Сізге тек сәттілік тілеймін! Есенгүл Кәпқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі