//

«Қазақия қалай отарланды?»

1613 рет қаралды

Мен бүгін Бекен Қайраттың «Қазақия қалай отарланды?» атты сүбелі еңбегін оқып бітірдім. Кітаптың тілінің жеңілдігі сондай сіз тұп-тура әдеби көркем шығарма оқып отырғандай боласыз. Алайда бұл әдеби публицистикалық шығарма емес нақты дерек, дәйектерге негізделген жанкешті зертеу, ізденістердің нәтижесінде туындаған ғылыми еңбек екеніне кітапты оқу барысында көзіңіз сөзсіз жетеді. Бұл тақырыпты қаузай зеттеп, жұрт алдына жайып салуға екінің бірінің батылы бара бермейтін еді. Бекен осы жұмысқа тәуекел етіпті. Автор кітаптың сұраулы атауына орай әуелі қазақты кім отарлағанын күмілжімей, күлбілтелемей, айналсоқтамай ашып айтады. Содан кейін барып отар, отарлау, ортарлаушы деген деген терминдердің қандай ұғым, мән-мағына беретінін әбден түсіндіріп, шынайы мысалдармен иін қандырып, құлқыңа құйып береді де отарлау үшін отарлаушы тарапынан қандай айла-шарғы, іс-әрекеттер, тәсіл-амал, зұлымдықтар мен зымияндықтарды қолданғандығын нақты жазба деректер арқылы әдемі сөйлетіп, күні бүгінге дейін көрбілтеленіп келген көп нәрсеге көзіңді ашып, көкейіңе көп ой ұялатады. Біз бұған дейін білмеген, естімеген, көрмеген көптеген сұмдық, сойқандардың отарлаушы тарапынан жүргізілгенін алақаныңа жайып салады. Жан түршігерлік істердің бетін ашады. Осы тұрғыдан келгенде ол қазақтың өзін өзі тану тарихына үлкен үлес қосып отыр. Осының бәрі Бекеннің аса ауқымды жұмысының, жанкешті еңбегінің, жасқанып, жалтармайтын жалынды, намысты жүректің күш қайратының қуаты деп баңғалауға тұралық. Сонадай-ақ, бұл еңбек көрнекті ғалым Мекемтас Мырзахметұлының «Қазақ қалай орыстандырылды» (2011ж) еңбегімен тамырлас, өзектес, соны байытқан, толықтырған толағай жалғасы  екені де шүбәсіз.

Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі