//

КЕҢІСТІКТЕГІ КЕҢІСТІК

834 рет қаралды

Кеудесінде кені бар, кең пішілген аға,ұлттың қамын қайрап, қайранына қайғырумен өткен секілді.Тұрсекеңнің сол бір даладай данагөй жанынан сая көрген жандардың бірі мен едім.Боз жусанның бұрқағындай бұлқына келетін түзем иісті абыз – ақыл, зау сеңгірден тау құдыретін сүйрей келіп, кілең нақылымен баурайтын – Ұлы қазаққа жолыққан күнім тіптен аз.Аз болса да сау уағыз тағынып, таңданып өткен һәм уыз жамылып ұйықтаған уақытым – сағыныш! Тайдың таңбасындай жып-жылы, ұлт сыналы дегдар лепелері күн өткен сайын құлыққа ұялайды екен… Әу, баста аңыз ағаның келісті кейіпін Сәкеннің тағдырымен бірге тапқам. Соңынан Керіөлеңнің кемерімен желемектетіп Бурхан-Халдун сапарында жүрген жерде Мағауин ағамнан еңселі “Хан” үзесіне тең егенің үзік-үзік елесті емістерін естіп, Кәкіш бабамның баһадүр ұлының бекзада бейне тұлғасын көруге еміне елтігенім есімде, асыққаным жадымды жалаулата береді әлі.Соңынан мені ұқтырған, қынадай жұқтырған Дәулеткерей інімнің абызға арнағандай ақөлең сыпатты желпері әңгімелері тіптен әсерлі-тін.Құдды салауатымен құмарыңа нұр себетін құдайы һақилық, өз ұлтын ғана өмірдің шырағданы етуге шыра жанын аптап жүрген абадан тұлғамен жолығуым өз жолында бір дәнек.Сәкеннің, Мағжанның додалы тағдырынан жөрмеген кедірсіз, не бір иірімдері өткел қиянын іздеп жүрген өренжілерге өмірлік бояу болғанын сезем.Шарапат деп, шағадан қоңыр самалды ғибрат деп осыны айт! Енжар биліктің ұтымсыз сөлекетігіне үйірген, шықпыртқан нәжегей жасын сөздерін де естіп, көріп қалып ем.Тағдырдың табанына жаншылып тұрған абыздың саналық қан табы – ешке дес бермеген һәм ешкімге ұқсамас ес тін секілді екен.Абыздың қантамырында жүгірген қалың қасиеттердің үдесіне Күн сепкен Күләш апам қандай сүткерім! Күліктің азуына күрт шайналған ауыздық демді абыз – Алтайы мен Арқасы арасындағы алтын жұртының арасан үнін ғалам түреніне қосумен келді. Алтайдың сере серектерін түйіп өтіп, түйдек-түйдек көксүңгі мұнар аунап келеді.Күз болыпты.Тұрсынбек Кәкіш ағамның ақ самайында сағат кеңісі желіп барады.Ешкімен ықпайтын сұсты, сайысқа қайыстай, үбә шуақты, тұма тұман! Абыз тірі екен! Шүбәсіз.

Сұраған Рахметұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі