///

Қандастарымыздың зейнетақы мәселесі шешілді

1290 рет қаралды

Шетелден көшіп келген, оның ішінде, Қытай мен Маңғолиядан қоныс аударған қандастарымыздың зейнетақысы мәселесі шешілді.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені шешуді 2017 жылы, Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Үкіметке тапсырған болатын. Одан бергі жерде “Нұр Отан” партиясы аталған мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың алдына бірнеше мәрте қойған.
Міне, сол мәселе Заң аясында шешілді. Нақтылап айтқанда, Қазақстан Республикасына тарихи Отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың бұрынғы еліндегі еңбек қызметі есепке алынатын болды.
Елбасымызға рахмет!.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы
13-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн, еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;
4) мемлекеттiк қызмет

18) Қазақстан Республикасына тарихи Отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі.

Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.

Ауыт Мұқибек

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі