///

“Зұлмат” – қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді

1732 рет қаралды

“Зұлмат” – ХХ ғасырдағы коммунистер қолымен жасалған ең ауыр қасірет. Волга бойы, Украина және Қазақстанда адамдар миллиондап қырылды. Ең қызығы, жергілікті Совет билігі аштық туралы үнемі жазып, ескертіп отырғанына қарамастан, ресми Мәскеу аштықпен күресу үшін ешқандай шара қолданбаған. Керісінше, Мәскеу мен Ленинградқа тонналап ет пен астық жөнелтіліп жатқан. Ең өкініштісі, халықтың тең жартысынан астамын жалмаған “Зұлматқа” қазақ билігі тарапынан саяси бағаның берілмеуі. Аштық құрбандарына арналған ескерткіштің өзі тек 2017 жылы, тәуелсіздік алғаннан кейін 26 жылдан кейін ашылды. Ал Украинада аштыққа арналған мың ескерткіш, ірі-ірі мемориалдар ашылған. Олар украин халқына қарсы жасалған геноцид деген баға берді. Бізде аштықтың зардаптары, халықты тек қана сандық тұрғыдан емес, сапалық тұрғыдан қырғынға ұшыратқан ауыр салдары туралы айтылады. Бірақ осымен тоқталамыз. Оған геноцид деген баға беруге жүргеімізде қорқыныш немесе жалтақтық бар. Біздің ұрпақ, бүгінгі аштықтан, репрессиядан, Алжир, Карлаг секілді саяси лагерьлерден бейхабар ұрпаққа тарихи жадыны қалыптастырып, оны тарихтан сабақ алуға үйрете білуіміз керек. Өткеннің сабағы, ертеңнің қамы. Кешегі Жанболат Мамайдың “Зұлмат” деректі фильмінің де негізгі айтар ойы осы. Аштық қасіретін “геноцид” ретінде бағалауымыз керек. Аштықтан қаза болған бейкүнә жандардың аруағынан кешірім сұрай отырып, 31 мамырды аза тұту күні ретінде жариялаған абзал.
Бізді қуантқаны “Зұлматтың” премьерасына жиналған адамның соншалықты көп болғаны. Өзі 80-150 адамдық қана орны бар “Арман” кионтеатрының залдарында (3 залда қатар жүргізілді, 4-ші залда бір сағаттан кейін қайта берілді) ине шаншар жер болмады. Осы залда жиналып отырғандардың әрқайсысының ата-бабасын аштық дерті шарпып, репрессия оты күйдіргеніне сеніміміз кәміл. Сталин билігі өз халқын аямай қырды. Бірақ соған қарамастан, әлі күнге дейін коммунизмді аңсаймыз, өткен күннің елесімен өмір сүреміз. Қызыл террордың халқымызға әкелген қасіретін бағалай алмағандықтан шығар. Күнәсіз боздақтардың рухына мың тағзым! Бақұл болыңыздар!

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі