//

Тұманды Альбионда (жалғасы)

951 рет қаралды
1
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Неге Ұлыбритания?

Жалпы мемлекеттердің атауын үнемі қате айтамыз. Халық арасында таралып кеткен атауларға жиі жүгінеміз. Бірақ бұның саяси қателік екенін бағамдай бермейміз. Сонымен неге Ұлыбритания? Әлеуметтік желіде Серікқазы Кәкібаланов досым осы сұрақты қойған екен. Біраз адам өзінше талқылап тастапты.  Осы сауалға жауап беру үшін Біріккен корольдіктердің тарихынан аздап сыр шерте кеткенді жөн көріп отырмын. Ұлы Британия екі үлкен және ондаған кішкентай аралдан тұрады. Ең үлкен аралы – Great Britain, яғни Ұлы Британия (great – ағылшынша ұлы дегенді ғана білдірмейді, үлкен деген мағынаға да ие, орыстар Великобритания дейді. Оны қазақтар Ұлы Британия деп аударып алған), екінші – Ирландия. Солтүстік Ирландия ел атауының тек Ұлы Британия атануына қарсы. Сондықтан негізгі ресми атауы – Ұлы Британия Біріккен Корольдігі және Солтүстік Ирландия. Алайда оның тым ұзақтығын ескеріп, іс жүзінде тек “the United Kingdom” деп атауға тоқталған. Ел арасында Англия деген атау кең тараған. Алайда ол Біріккен Корольдіктерде (бұдан былай БК деген қысқарған атауын пайдалануды жөн көрдім) тұратын өзге 4 ұлттың намысына тиеді. Біріккен Корольдіктер – Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландиядан тұрады. Ирландия, Уэльс және жоғарғы Шотландияда кельттердің мәдениеті үстемдік құрса, Англия мен Шотландияның төменгі жағы Герман тайпалары англо-саксон мәдениетінің негізінде қалыптасқан.

Stonehenge
Адриан қамалы


Америка мен Австралиядағы секілді бұл өлкенің де жергілікті жұрты болған. Тарихта кельттер деп аталады. Gaelic (орыстар гелик дейді) деген тіл диалектісі солардан қалған. Ньюкаслдегі джорди акцент те солардың мәдениетінің жұрнағы. Бір мәселе ақиқат, мемлекеттерді жойып жіберіп, орнына жаңа мемлекетті құрғанымен ғасырлар бойы қалыптасқан халықтардың мәдениетін жойып жіберу оңайға түспейді екен. Оған БК-дағы шотланд, ирланд, уэльс халықтарының әлі күнге дейін тілдері үшін, этникалық ерекшелігі үшін күресіп келе жатқандығы дәлел.

Тарихқа жүгінсек, біздің дәуірімізге дейінгі 5000-4300жылдардан кельттердің мәдениетінің жұрнағы ретінде Stonehengeдеген жұмбақ ескерткіш қалған. Әрқайсысы 30-50 тонна тұратын  алып жартастардың 200 миль жерден қалай жеткізілгені күні бүгінге дейін жұмбақ. Оның қандай мақсатта салынғаны туралы ешқандай жазба дерек қалмаған. Ғалымдар екі түрлі болжам айтады. Бірінші, жыл мезгілдерін анықтау үшін астрономиялық сағат орнына қолданылуы мүмкін. Екінші, сол заманның халқы Druid (кельттермен қатар өмір сүрген тағы бір тайпаның аты) тайпасының діни ғибадат жасау үшін қолданған орны. Бір қызығы ол заманнан ешқандай жазба деректер қалмаған. Сол дәуірдің сырын шертетін жалғыз ескерткіш тілсіз. Ешкім ештеңені анықтай алмайды.

Роман тайпаларының Британияға келуі біздің дәуіріміздің 43-410 жылдарына дөп келеді. Латын мәдениеті мен Католик діні осы дәуірде орнығады. Әлемге әйгілі Адриан қамалы (Hadrian’s Wall) Романдардан қалған ескерткіш. Ерте кезде еуропалықтар ұлтқа емес дінге көбірек бөлінген екен. Кейін дін емес, ұлт алға шығып, дін ұлттың бір бөлшегіне айналған.

www.brittanica.comсайтының мәліметтеріне жүгінсек, Британиядағы ұсақ корольдіктердің басы біздің дәуіріміздің 10 ғасырында Англо-саксон корольдігіне бірігеді. Сөйтіп, Ағылшын мәдениеті тарих сахнасына шығады және берік орнығады. Ұсақ аралдарды біріктірген алғашқы корольдің аты Athelstan (Этельстан). Бірақ ол әлі де Уельс пен Шотландияны бағындыра алмаған еді.

Есенгүл Кәпқызы

(Жалғасы бар)

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі