//

Құты кетпес байланған  босағаңнан

866 рет қаралды

8 март

Көремін көк жүзінен толған айды,

Толғап тұрған сықылды болған жайды.

8 март мейрам

Халықаралық,

Халықарада бірақта тойланбайды.

Тойламаса халықара тойламасын,

Ауырмайды сол үшін оған басым.

Ата салтым –

Ананы ардақ тұту,

Тойламаған айтылар қоғамға сын.

Тойлаймыз біз Анаға құрмет үшін,

Аналарға арналсын қызмет күшім.

Аспан да Күн

болғанда жерде Ана,

Жан баласы сірәде көрмес қысым.

Туындысы

Ана асыл жаратқанның,

Кекірегінде кеңдігі бар аспанның.

Талайы да тым тәтті болмас білем,

Қасиетіне Ананың таласқанның.

Жер де Ана,

Ел де Ана,

Отан да Ана!

Ана десем тұрамын жоталана!

Ардақ – Ана,

бар елдің Ардақтысы,

Құты кетпес байланған  босағаға!

08.03.2020ж.

Әйел атауы жайлы

(Клараның (Цеткин) кім болғаны маңызды емес — Автор)

Әйел жайлы не дейді Арым менің?

Арлы Сөзге, қазағым, жарым ба едің?

Нәрі кетті неліктен асыл сөздің?

Алабұртып, көп ойлап, жаным жедім.

Жұққан бұны жат жұрттан жала демен,

Жадын жат жұт жайлаған сана неден?

Бөліп-жармай ұл-қызын ер жеткенше,

Бірдей көріп қазағым, бала деген…

Бекітілген ертеде бір кеңесте,

Әйел деген бойжеткен, қыз, жезөкше…

Синонимі қатынның әйел емес,

Әйел деген жалпы атау сөз емес пе?!

Әспеттесек әйдікті әйей дейміз,

Қатын деуден қаймығып әйел дейміз.

Абайсызда қатын деп қалып жатсақ,

Әкеп берген асын да әзер жейміз.

Сұмпайы да иә, әйел, қолданамыз,

Сұлуларда қалама онда маңыз.

Жалпыға айтар есімді жалқыға арнап,

Жасап алып жатырмыз қолдан аңыз.

Әйел деген ол қызың, қарындасың,

Ұғама өзі осыны жарым басың?!

Әйел сондай, екен деп әйел мұндай,

Көп сөйлейсің көк езу, арыңа сын!

Әйел жаны – шар айна, ол ғажайып,

Қисық болсақ айнада бар ма айып?!

Кемсітпелік, жарай ма, әйел атын,

Жарым ырыс, жақсы сөз Жарға лайық!

07.03.2020ж.

автор: Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі