//

Журналистерге арналған онлайн курстар

3268 рет қаралды

 Қазіргі пандемия білімді алыстан емес, интернеттен іздеуге мәжбүрлеп отыр. Интернет ұсынатын мүмкіндіктерден журналистердің де құр қалмай, білімдерін жетілдіруі үшін назарларыңызға  тегін онлайн-курстарды ұсынамыз. 

1.“CABAR.ASIA”медиа мектебі

Сандық журналистика және жаңа медианы оқытатын мектеп. Курс Орталық-Азия үшін құрастырылған, 5 тілде өтуге мүмкіндік бар.

Жоба авторлары курс барысында жаңа медиада қандай ақпарат ұсыну қажет екенін, журналистиканың жаңа жанры мен бағытын, контент жоспарлаудың тәсілін үйренетіндеріңізге кепілдік береді.

Сонымен қатар, медиа ресурстардың әлеуметтік желіде таралымын арттыру мүмкіндіктері мензаманауи басылымдардың медиа өнімдерін қалай қаржыға айналдырып жатқанын біле аласыздар.

Курс ұзақтығы 9 апта. Курс соңында сертификат алуға мүмкіндігіңіз бар.

Курс тілі: қазақ, орыс, қырғыз, тәжік, өзбек.

Курсқа сілтеме: https://bit.ly/2RkZqyb

2. “АДВОКАЦИЯ” курсы

Коммерциялық емес ұйымдар үшін веб-академия.

БАҚ – төртінші билік ретінде қоғамдағы көптеген мәселелерді ортаға шығаруға қауқарлы. Орталық Азиядағы “Адвокация” курсы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.

Курс арқылы журналистік білім мен дағдыны жақсартуға болады. Курс барысында төмендегі сұрақтардың жауабын таба аласыз:

 Оң өзгерістерге қол жеткізу үшін шешім қабылдаушылардың назарын қалай аударуға болады?

 Маңызды мәселелерді шешуде өзге тарапты сендіру үшін мүдделі тараппен қалай жұмыс істеу қажет?

Курс орыс тілінде.

Курсқа сілтеме: https://bit.ly/39OroZO

3. “KNIGHT CENTER FOR JOURNALISM” онлайн курсы: мәліметтер журналистикасы мен визуализациясы

Бұл курс фактчек жасау, зерттеу, аналитикаға қызығатындар үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл курстың негізгі мақсаты – мәліметтермен жұмыс істеу және тартымды диаграммаларды, визуализация мен графиктерді жасау.

Курс 6 бағыт бойынша сабақ өткізеді:

  1. Мәліметтерді табу және жүктеу;
  2. Мәліметтерді зерттеу және визуализация үшін дайындау;
  3. Оқиға табу;
  4. Жасанды интеллектті қолдану жолдары;
  5. Визуализациямен жұмыс;
  6. Мәліметтер арқылы оқиға құрастыру жолдары.

Курс ұзақтығы 6 апта.

Тілі: ағылшын тілі.

Курсқа сілтеме: https://bit.ly/2RnSHDS

4. “ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ” курсы

Бұл курс кең аудиторияға БАҚ материалдарының сапасын сауатты бағалауға және журналист мамандығының мәнін жақсы түсінуге және олардың осы жұмысқа қызығушылығы бар-жоғын шешуге көмектесу үшін ойластырылған. 

Барлық модульдерде бейне дәрістерден, теориялық және тест материалдарынан басқа, сарапшылар – журналистер мен БАҚ редакторларының қосымша түсініктемелері бар.

Курс ұзақтығы 8 сағат.

Курсқа сілтеме: https://bit.ly/2JNlmy2

Жадыра Жанарбек

Дереккөз: https://bit.ly/39XQ1mK

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері