///

Жолдас Өрісбай: Америкалық журналистерден не үйренеміз?

2278 рет қаралды

Pre-story formation

Мақалаға идея іздеудің түрлі жолдары бар. Олардың бірі жергілікті мәселені ұлттық деңгейде көтеру немесе ұлттық деңгейдегі мәселені жергілікті деңгейге түсіру. Оны америкалықтар localization of the news story және nationalization of local news story деп атайды. Сосын тақырып пен стори идеясын шатастырып алмау керек. Тақырып сізге жалпы тұрғыдан белгілі бір мәселенің бар екенін айқындау үшін қажет, ал идея сол тақырыпты қай жағына қарай бағыттап, халыққа түсіндіруге болатынын нақтылау үшін керек.

Мысалы, біздің университеттегі Capital News Service медиа жобасы Мичиган штаты бойынша 30 түрлі жергілікті медиаға мақала ұсынатындықтан, мен жобадағы тілші ретінде штат деңгейіндегі мәселелерді көтеруім керек. Бірақ бұл ұлттық деңгейдегі тақырыптарды жазуға болмайды дегенді білдірмейді. Жоғарыда жазғанымдай, ұлттық мәселені әрқашан жергілікті деңгейге түсіре аласыз.

Өткен аптада Census 2020 тақырыбын жазамын дегенімде, профессор бірден қарсы болды. “Мен күнде оқып жүрген басылымдардың жазып жатқаны осы. Сен одан да ешкім жазбаған тақырып ізде” деді ол. Бірақ мен оған осы тақырыпты локализациялайтынымды айтып, көндірдім.

Ақпарат үшін: Census (2020) дегеніміз әр он жылда өткізілетін халық санағы. Бұл санақ нәтижесі әр штаттағы халықтың әлеуметтік (федералды үкіметтен әр штатқа көмек ретінде берілетін қаржының көлемі census нәтижесі бойынша анықталады), экономикалық (урбан және шалғайдағы халық санын анықтау арқылы экономикалық стратегия құрылады) және саяси (халық санына орай әр штаттан федералды заң шығарушы Конгреске сайланатын өкілдер мен сенаторлар саны анықталады) өміріне тікелей қатысы бар болғандықтан, оны анық жүзеге асыру өте маңызды.

[Кейде идеяны басқа жергілікті басылымдардан іздеймін. Мысалы, әр штаттағы жергілікті медиа ресурстардың сайтын ашып, тақырыптарға шолып шығамын. Кейде Калифорния немесе Кентукки штатындағы көтерілген мәселе Мичиганда да актуалды болуы мүмкін.]

Тақырыпты тапқаннан кейін оның идеясын (story angle) дамыту керек. Ол бірден келмейді. Ол үшін сол тақырып төңірегіндегі бар ақпаратты жинап, оған анализ жасау керек. Мысалы, мен Census 2020 тақырыбын Мичиган штаты тұрғындарына жақын етіп жазу үшін 8 түрлі ресурс таптым. Олар жергілікті биліктегі санаққа жауапты мамандардан, санаққа тікелей қатысы бар үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардан, санаққа қатысты зерттеу жүргізген (жүргізетін) әлеуметтанушылар мен тәуелсіз сарапшылардан тұрады. Одан бөлек, нақты осы тақырып төңірегіне қатысты қарапайым тұрғынның пікірі актуалды болса, оны да қоссаңыз артық етпейді.

Finding sources

Бастысы, сіз көтеріп жатқан тақырыпқа қатысты ресми пікір болғаны маңызды. Сондықтан сол тақырып не мәселеге қатысты пікірді алдымен секторға жауапты билік өкілдерінен алу керек. Мысалы, мен Census 2020-ға қатысты Michigan Statewide Census кеңсесіне хабарласып, соңғы нақты деректерді алдым. Одан кейін коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдарға, әлеуметтанушы ғалымдарға хабарластым. Сарапшылардан ең соңында алған дұрыс. Себебі сіз жиналған деректерді алға тартып, сарапшыға нақты сұрақтарды қоя аласыз.

АҚШ-та журналист сұрақтарына үкіметтегі қызметкерлер мен ғалымдар бірден жауап береді. Мысалы, Мичигандағы Census кеңсесі жұмыстан кейін уақытта хат жазсам да, хабарлассам да бірден жауап беріп отырды. Ал ғалымдар өз еңбегін көпке тарату үшін, яғни өз мүддесі үшін сізге бірден пікір береді. Тәуелсіз сарапшылар мен үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым өкілдерінен жауап алу көп уақыт алады. Кейде сұрақтарыңызды жауапсыз қалдырады.

Америкалықтар электронды пошта арқылы байланысуға үйреніп қалған. Сондықтан мен де алдымен пошта арқылы жазып, кейін сұхбат беруді сұраймын. Үкіметтегі қызметкерлердің мақала дедлайнын сұрайтыны ұнайды. Сосын сіз айтқан дедлайн бойынша жауаптарын жібереді.

Interviewing process

Интервью бастамас бұрын, мен міндетті түрде спикерден әңгімені жазуға рұқсат сұраймын. Бұл өте маңызды. Сосын интервью барысында мұқият тыңдау керек. Себебі берілген жауаптардан кейін сізде қосымша сұрақтар туындайды. Одан бөлек, спикерлерден міндетті түрде мәселеге қатысты сандарды (статистика) сұрау керек.

Интервью барысында спикерден сол тақырып бойынша тағы кімнен пікір алуға болатынын сұрау керек. Пікір біддірушілер қанша көп болса, сонша жақсы. Сосын барлық спикерлердің пікірін қосуға журналист міндетті емес. Мысалы, мен өткен аптада жасаған интервьюлердің бірінде салмақты ешнәрсе айтылмады. Мен оны тіптен қоспадым.

Structuring the angle of the story

Интервью барысында кілт сөздер мен маңызды пікірлерді түртіп отырған жөн. Солай жасау арқылы сіз өзіңізге жеңілдік жасайсыз. Анализ барысында сол түртіп алған пікірлердің көмегімен мақала құрылымын тез құрастырасыз.

Editing process

Мақаланы Google Doc арқылы өңдейміз. Мен мақаланың бірінші нұсқасын жүктеген соң, редактор оны өңдеп, әдетте 100-ге жуық өзгертулер мен ұсыныстар енгізіп шығады. Кейінгі өңдеуді де редактор қарайды. Сосын соңғы нұсқаны корректор AP Style бойынша өңдейді.

Біздің редактордың қарапайым оқырман көзқарасынан қарап, мақаланы өңдейтіні өте тиімді. Себебі мақала оқырмандарға түсінікті тілмен жазылуы тиіс. Одан бөлек, мақаланы екі-үш күн бойы жазған тиімді. Мақаланың алғашқы нұсқасын бір күнге қалдырып, сосын тағы оқып шықсаңыз, бұрын байқамаған қателіктерді көресіз. Тіпті стори идеясы өзгеріп кететін кездер де болады.

Мақала in-depth болған соң және ондағы спикерлердің бірінен екіншісіне ауысу нүктесін байланыстыру өте маңызды. Оған сторителлинг әдістерін пайдаланасыз. Кейде сол үшін спикерлер пікірлерінің орындары ауысады. Орынсыз пікірлер қысқартылады.

Post-publication review

Мақала шыққаннан кейін тура сол тақырыпты зерттеген басқа журналистердің мақалаларына шолу жасау керек. Өз еңбегіңізбен оларды салыстыру арқылы сіздің нені жіберіп алғаныңызды анықтай аласыз. Ал ол болашақта қателік жібермеу үшін маңызды.

Өткен аптада жазылған мақаланың сілтемесін төмендегі пікірде қалдырамын. Ол Мичиган штатындағы The Mining Journal дейтін күнделікті шығатын газеттің уикенд санының басты бетіне шықты.

https://www.miningjournal.net/news/front-page-news/2020/10/census-faces-challenges-in-michigan-particularly-in-the-north/?fbclid=IwAR1RmI_xh4WdGVzx03uoxUq5lulgzDGfmRwfiXVghjhqNC-hzDGcGgBDwQ8

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі