///

Еуропа университетінің профессоры Сергей Абашин: Қазақстан автономиясы Мәскеудің сыйлығы емес, большевиктердің қазақтарды өзіне қарату үшін жасаған мәжбүрлі қадамы

1419 рет қаралды

Ресейлік тағы бір тарихшы Сергей Абашин РФ Мемлекеттік Думасы депутаттарының мәлімдемесін жоққа шығарады. Жоққа шығара отырып, Қазақ мемлекеттігінің іргесі сонау ертеде қаланғанын дәлелдейді. Ресейлік зиялы қауым Путин саясаткерлерінің аяр қылығын өздері әшкерелей бастады. Мұндай қитұрқы әрекетке олардың өздері төзбейін деді. 

«Үгіт насихатшы Никонов жүргізетін «Большая игра» бағдарламасын көрдім. Естеріңізде болсын, ол бұрынғы комсомол қызметкері қылмыскер Молотовтың немересі. Ресей империясының бағындыруы туралы сөз қозғалғанда барлық сауал бойынша азулы сарапшы Никонов әр ел туралы айтқанда оларды саусағымен санамалап тұрды. Грузияны бағындырған жоқпыз, Қазақстанды бағындырған жоқпыз, ондай мемлекет болған жоқ, тіпті Ресей қазақтарға Қазақстанды сыйға тартқан, Солтүстік Қазақстанда қазақтар болған жоқ, Орта Азияда «тарих күрделі болды» деді (нақты қандай болғанын айтпағаны өкінішті, айтса сонда күлкілі болар еді). Никонов, әрине, сирек кездесетін жынды. Жынды болатыны, Солтүстік Қазақстан аумағына кіретін далалық жерлерді ежелден түрік көшпенділері – қазақтардың ата-бабалары мекендегенін білмейді. Ол қазақ хандығының болғанын да білмейді. .. Әрине ол 19 ғасырдағы еуропалық түсінік бойынша мемлекет ретінде мойындалған жоқ, алайда билеушісі, сот жүйесі, әскері, билік институттары мен атрибуттары қалыптасқан саяси жүйе еді. Ал егер Қазақстан ел болмаса сонда Ресей патшалары кіммен келісім жасаған?.. Қазақстан автономиясы Мәскеудің сыйлығы емес большевиктердің қазақтарды, олардың элитасын өзіне қарату үшін жасаған мәжбүрлі қадамы екенін білмейді. Ал ол кезде қазақтар өз күшімен «қазақ мемлекеті» идеясын жүзеге асыра бастаған болатын. Никонов жәй жынды емес, ол нақұрыс, өйткені КСРО ны аңсап жүр, оның ойынша «ұлы державаны» дұшпандар күйреткен, сөйтеді де, «КСРО деген – Ресей», «біз бәрін асырадық», «біз болмасақ, сендер болмас едіңдер» деп дәл сол одақты күйреткен және кез келген жаңа одақтың жобасын күйрететін сөздерді қайталайды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар