/

«Baq media» ақпараттық-танымдық порталы іске қосылды

1436 рет қаралды

Порталдың мақсаты – аға буын журналистерді қолдауға, болашақ журналистердің қаламын ұштап, қанатын қатайтуға үлес қосу. Сондай-ақ, журналистика саласындағы аға буын мен болашақ журналистердің сабақтастығына сеп болу. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты соңғы жаңалықтарды қалт жібермей жариялап отырады.  

 «Аға буын ақылы» айдарында кәсіби журналистермен сұхбат ұйымдастырылады. Олар болашақ журналистерді саланың қыр-сырына қанықтыратын тәжірибилерімен бөліседі. Сонымен қатар, қазақ журналистикасындағы өзекті проблемалар талқыланып, қорытынды жасалады.

«Жас толқын жазбасы» айдарында еліміздің барлық өңірінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің мақалалары мен сұхбаттары іріктеліп, жарияланады. Жыл соңында «үздік мақала», «үздік сұхбат» номинациялары бойынша марапатталады.

«Калькасыз қазақ тілі» айдарында журналистердің қазіргі сөз қолданысындағы қателердің дұрыс нұсқасы көрсетіледі. Белгілі журналист Назгүл Қожабектің нақты мысалдары жарияланады.

«Әріптес алаңы» айдарында журналистердің журналистикаға қатысты әлеуметтік желіде жазған ойлары мен пікірлері жарияланады.

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері