////

Жалпы білім қоры: оған қатысудың шарттары қандай? Көмек ақшалай берілгені дұрыс па? Әлде… (видео)

6370 рет қаралды
1
фото: Атамекен

2007 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР “Білім туралы” туралы заңына орай ҚР Үкіметінің 2008 жылдың №64  Қаулысымен бекітілген. Заң бойынша “Жалпы білім” қорына жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы жалпы білім беретін мектептердің жылдық бюджетінің бір процентінен кем болмауы керек. Бүгін “Мінбер” порталы өткізген тікелей эфирге қатысқан Білім министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті басшысының орынбасары Дулат Жекебаев мырза биылдан бастап бұл қаржының екі пайызға дейін өсетінін айтады.

Былтыр пандемия кезінде кейбір мектептер бұл қаржыны төлемесе, Нұр-Сұлтан мен Алматы секілді ірі қалаларда әр балаға 40 мың теңгеден, Қарағанды, Өскемен және Алматы облыстарында 30 мың теңгеден берілген. Ал аудан, ауылдық жерлердегі оқушыларға тиесілі көмек мүлдем аз. Сол себепті де, Білім және ғылым министрлігі бұл көмекті қала, ауыл демей біркелкі беру жағын қарастырып жатыр екен.

Жалпы білім қорынан бөлінетін көмектер кімге тиесілі?

Дулат Жекебаев мырзаның айтуы бойынша бұл көмекті алуға бес категория бойынша үміткер бола алады. Бірінші атаулы әлеуметтік көмек (АӘК немесе АСП) алатындар, министрлік өкілі және Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының өкілі бұл категориядағы адамдардың тізімі қазір толықтай электронды базаға көшірілгендігін жеткізді. Келесі кезең екінші категориядағы адамдардың тізімін цифрландыру болмақ, бұл категорияға АӘК алмаса да, кедейлік шегінен табысы төмен, көмекке мұқтаж отбасылар жатады. Үшінші категория жетім балалар, төртінші категория төтенше жағдайлар салдарынан қиын жағдайға тап болған отбасылардың балалары. Бесінші категорияны мектептің коллегиалдық және қамқорлық кеңесі өздері анықтайды. Осы және басқа да сауалдардың толық жауабын білгіңіз келсе, төмендегі видеоға құлақ түріңіз.

Жоба MediaCAMP Internews Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Мектепке жол акциясы туралы не білеміз? – Мінбер – Ақпарат агенттігі жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар