///

Ауыл әкімдерін сайлау: Еңбекшіқазақ ауданында 21 мың адам дауыс берді

2788 рет қаралды

Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл әкімдерін сайлау барысында дауыс беру қарқыны жаман емес, – дейді “Jetisy media” КММ басшысы Жанна Арынбекова. – Жаңа заңнамаға сәйкес ағымдағы жылдың 25 шілдесінде ауданда әкімдерінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланыст 10 ауылдық округте сайлау өткізу жоспарлануда. Атап айтар болсақ,  Ақши, Бәйдібек  би, Бәйтерек, Балтабай, Бартоғай, Қазақстан, Қаражота, Масақ, Ташкенсаз және Тескенсу ауылдық округтері.
2021 жылдың 3 шілдесіндегі акт бойынша 34 учаскелік комиссияға 49 429 адамнан тұратын сайлаушылардың тізімі берілді.
Сайлау комиссияларының құрамы тексерілді, барлық учаскелік сайлау комиссиялары толық жасақталды, бос орындар жоқ. Аудан бойынша 865 сайлау комиссия мүшелерінің 259 мүшесі ағымдағы сайлауға тартылатын болады.

Аудандық сайлау комиссиясына 37 кандидат құжаттарын тапсырып, 2021 жылдың 14 шілдедегі жағдайы бойынша  Nur Otan, ҚХП, Ауыл, ADAL партияларынан 15, өзін-өзі ұсынған 20 кандидат тіркелді. Жалпы 35 кандидат сайлауға қатысады.

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша дауыс бергендердің саны – 21653-ке жетті, –  дейді Жанна Арынбекова.

Демек ресми мәлімет бойынша жалпы сайлаушының 50%-ы дауыс берген.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар