////

Маңғыстауға шөп жіберген Жетісулықтар

1104 рет қаралды

Еліміздегі бірнеше аймақта жаз басталғалы жауын жаумай, қуаңшылық белең алған еді. Қуаңшылықтан қатты зардап шеккен өңірдің бірі – Маңғыстау. Маңғыстауда жем-шөп, су болмай, малдың аштан қырылып  жатқанын естіген Ескелді ауданының азаматтары қарап отырмай, көмек қолын созуды жөн көрген. Бүгінде Ескелді ауданындағы Қайнарлы ауылының тұрғындары бірігіп Маңғыстауға 6 вагон шөп жөнелткен.

Ержан ЖАҢАЖЫЛ, белсенді:

– «Маңғыстауға көмек акциясын» Шымкенттік Құрмет Талапқазы бауырымыз бастаған соң бізде құры қарап жата алмадық. Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылының тұрғындары Санат Кариполданов, Бекен Шалқар және мен үшеуіміз ауыл адамдарын жинап акцияны жалғастырмақ ниетте екендігімізді айтқанда азаматтарымыз қуана-қуана келісті. Қайнарлы ауылы бастаған асарға Жанғызағаш, Қарабұлақ, Қаратал, Көкжазық ауылының тұрғындары да шөп жинап, көмек қолдарын созды.

Шөпті халықтан жинадық. Халық 5-10 түктен, тіпті кейбір тұрғындар 250 түктен берді. Ақшалай бергендер де болды. 5 вагон шөп тиедік. Вагонның бағасы 810 мың теңге болды. Әкімшілік вагонның ақшасын төлеп берді. Бейнеуге үш вагон, Маңғыстауға екі вагон шөп жібердік. Шөпті жинауда ауыл адамдары тегін көмектесіп, тиеп түсірісті. Қазір төрт мыңға жуық түк жібердік. Енді 600-700 түк қалды. Оны келесі вагонмен жібереміз.

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар