Дала өртінен Текелі шаһарына келер қауіп бар ма?

688 рет қаралды

Тілсіз жаудың құрсауында қалған орманды алқап Текелі қаласынан 17 шақырым жерде. Кеше түсте басталған өрт Қора шатқалындағы сарықоңыр қураған шөптен басталып, қия беткейдегі қарағайларға көшті.

Фото: @ilovetekeli инстаграм парақшасы

«Ауламызға біртүрлі иіс келе бастады. Шөптің ба, түтіннің ба түсініксіз. Бірер сағаттан кейін айнала тұманданғандай болды, тау жаққа қарасың қапырық сияқты.  Кешке жолдасым жұмыстан келгенде бірақ естідім Қораның өртеніп жатқанын. Бірден Текелі қаласының арғы бетінде тұратын атаанама хабарласып, қалжағдайларын сұрадым. Қорқыныш сезімі болғаны рас.»дейді Текелі қаласының тұрғыны Гүлбахрам Әлібекқызы.

  
Р
есми ақпаратты білу үшін Алматы облыстық Төтенше Жағдайлар Департаментіне хабарластық.


«2021 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 15:19-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы Ескелді ауданыдағы Талдықорған орманшылығының Қора шатқалы аумағындағы алтыншы омарта аймағында қол жетімсіз таулы аумақта құрғақ шөптер, бұталар, аралас ормандар жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу өрт шыққан жерге Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.  27 қыркүйек күні әуеден баплау жүргізілді. Нәтижесінде өрттің ауданы шамамен 20 га екендігі анықталды. 28 қыркүйек күні сағат 09-30-дағы жағдай бойынша шатқалда түтіндеу әлі де бар.

        ҚР ТЖМ “Қазавиақұтқару” АҚ тікұшағымен су шашуда. ТЖД күшімен жақын маңдағы аудандық бөлімшелердің қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен қосымша топтар құрылды. Штаб ұйымдастырылды, үздіксіз байланысты ұйымдастыру үшін командалық – штабтық көлік, ұшқышсыз ұшу аппарат-дроны бар жедел топ аэровизуалды бақылау үшін жіберілді. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 51 қызметкері және 10 бірлік техникасы мен 4 мотопомпа, Талдықорған орман шаруашылығынан 35 қызметкері және 3 бірлік техника мен 4 мотопомпасы, 5 «Қазавиаорманқорғау» қызметкері, сондай-ақ ҚР ТЖМ “Қазавиақұтқару” АҚ тікұшағының 1 борты және 4 экипаж адамы жұмылдырылды.» – дейді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

«Қызыл жалыннан Текелі қаласына , жалпы маңайындағы ауылдарға қауіп жоқ па?» деген сұрағымызға ТЖД баспасөз қызметі жауап берді.

«Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен -Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан.» – дейді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар