//

Қ. Тоқаев, ҚР Президенті: ҰҚШҰ әскерилері екі күннен кейін шығарыла бастайды

840 рет қаралды

Қазақстанда соңғы кезде болып жатқан оқиғаларға ел тұрғындарының көзқарасы әртүрлі. Әсіресе, халық Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымыныі әскерилерінің келгенін түсінбейді, әрі олар ұзақ уақыт Қазақстанда қалып қояды деп алаңдайды. Оныің үстіне әлемдік және ресейлік сарапшылардың тұрғындардың бұл қаупіне май құйып, “Ресей әскері бір кірмесін, бір кірсе шықпайды” дегенді  жиі қайталап кетті. Осыдан бір күн бұрын Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли “Хабар 24” арнасына берген сұхбатында: “ҰҚШҰ әскерилері бір аптаның ішінде шығарылады” деп мәлімдеген еді.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан кірген күштің негізгі миссиясы — елімізде стратегиялық нысандарды күзету. Тағы қайталап айтамын, стратегиялық нысандарды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері қорғағандықтан, біздің қарулы күштеріміздің, Ұлттық ұланның әскерлері террористер көп шоғырланған Алматы қаласы, Алматы облысы және басқа да өңірлерде солардың көзін жоюға еркін мүмкіндік алды. Яғни, біздің стратегиялық нысандарды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері қорғайды да, өзіміздің әскерилер барлық террористердің көзін жоюға әрекеттенді. Бұл бізге үлкен көмек болды. Олардың ешқайсысы қалмайды. Бірден өз елдеріне кетеді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы деген жалғыз Ресей ғана емес, өздеріңіз білесіздер. Биыл төрағалық етіп отырған Армения бар, Беларусь, Тәжікстан бар. Бұл әскердің бәрі көп тұрақтамайды. Ары кетсе бір апта көлемінде кетеді. Мүмкін, оған да жетпейді. Бәрі қайтарылады. Оның үстіне қазір біліп отырсыздар, жағдай тұрақталып келе жатыр», — деген еді Берік Уәли.

11 қаңтардағы Мәжіліс отырысы укезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күннен кейін ҰҚШҰ контингенті біртіндеп елден шығарыла бастайды деп мәлімдеді. “ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы аяқталды. Екі күннен кейін біртіндеп шығарыла бастайды. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды” деді Тоқаев.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар