////

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен атуға бұйрық бергенде, оның барлық жауапкершілігін түсіндім

3993 рет қаралды
фото: Хабар24

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Хабар-24” телеарнасына сұхбат берді. Бұл сұхбат жұрттың көкейінде жүрген біраз түйткілді мәселеге жауап беруі тиіс еді.

Сұхбат бір сағатқа жалғасты, орыс тілінде өтті.

Тоқаев “Ешқандай ескертусіз оқ ату” туралы бұйрығы жайындағы сауалға былай жауап береді:

“Құқық қорғау орындарының адамдары жауапкершілікті өз мойындарына алудан қорықты. Бұл нағыз соғыс болатын. Ал соғысты бір адам жауапкершілікті мойнына алуы керек қой. Жаңаөзен оқиғаларынан кейін құқыққорғау органдары жағдай бақылаудан шығып кеткен кезде не істерін білмейтін боп қалды. Сондықтан мен қарулы бандиттерге оқ атуымыз керек екенін айттым. Мен жауапкершілікті өз мойныма алдым. Өз бұйрығымды елдің алдында айттым. Өйткені құқыққорғаушылар мені сөзімнен айнып кете ме деп қорықты. Меніңше, Президент дәл осындай жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Мен кәсіби дипломатпын. Мен оның салдарын түсіндім. Мен дәл осындай реакция болатынын да білдім. Бірақ мемлекеттің мүддесі, біздің адамдардың қауіпсіздігі бәрінен жоғары. Мен ол сәтте Батыстың реакциясы жайлы көп толғанған жоқпын, елде тәртіп орнатуды басты мақсат еттім”.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері